«Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы» РМҚК-да жүргізілген ішкі мемлекеттік аудит нәтижесі туралы

2020 жылға арналған мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесіне сәйкес, «Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы» РМҚК-да (бұдан әрі – Орталық) 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап 2020 жылғы 31 наурызды қоса алғандағы кезеңге Ішкі аудит департаменті тиімділік аудитін жүргізді.

Орталық қызметінің негізгі мақсаты мектепке дейінгі балалар, оқушы және студент жастары арасында дене тәрбиесі мен спорт саласында ғылыми және практикалық қызмет жүргізу болып келеді.

Орталық қызметінің бағдарлары жалпы оның жарғылық мақсаттарына сәйкес.

Сонымен бірге, Жарғы мен 2018-2019 жылдарға арналған Даму жоспарында көзделген мақсаттар жартылай орындалғанын немесе мүлдем орындалмағанын, оның ішінде қаржыландырудың болмау себебінен, аудитпен атап өтілді.

Мысалы, балалар мен жастардың дене тәрбиесі саласында қолданбалы және фундаменталды ғылыми зерттеулер, Мемлееттік жалпыға міндетті білім беру стандартын даярлау және енгізу, мақсатты кешенді бағдарламаны жасау, дене тәрбиесінің педагогика кадрларын қайта даярлау және біліктілігін арттыру бойынша жүйелі жұмыс жүргізілмеген.

Орталық қызметінде басты назарды тек спорттық іс-шараларды ұйымдастыру мен өткізуге аударған.

Қаржы-шаруашылық қызметінде 2018 жылды шығынмен аяқтаған, ал 2019 жылды – пайдамен.

Алматы қаласындағы филиалдың қызметін заңға сәйкестендіру қажет.

Аудитпен еңбекақы төлеу, материалдық көмек көрсету, іссапар шығындарын өтеу, спорттық іс-шаралар жүргізу бойынша жекелеген қаржылық бұзушылықтар анықталды.

Аудит нәтижесі бойынша аудит объектісіне және қызығушылық танытатын құрылымдық бөлімшелерге бұзушылықтарды және оларды болдыратын себептерді жою бойынша ұсыныстар мен тапсырмалар жолданды.

 

 

Дата публикации
02 сентября 2020