Білім беру саласында «Жайлы мектеп»
пилоттық ұлттық жобаның төртінші тетігін іске асыруға қатысатын жеке орта білім беру ұйымдарының тізімін құру тәртібін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 30 қарашадағы № 963 қаулысымен бекітілген «Жайлы мектеп» білім беру саласындағы ұлттық пилоттық жобасының 3-бөліміне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
- Қоса беріліп отырған білім беру саласындағы «Жайлы мектеп» ұлттық пилоттық жобасының төртінші тетігін іске асыруға қатысатын жеке орта білім беру ұйымдарының тізбесін қалыптастыру тәртібі бекітілсін.
- Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Инфрақұрылымды дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
- осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
- осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
- осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
- Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту вице-министріне жүктелсін.
- Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.