Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/нқ «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» бұйрығына сәйкес білім саласында 41 мемлекеттік қызмет көрсетіледі.
Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2022 жылғы 29 қарашадағы № 467/НҚ бұйрығымен Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне жаңадан 1 мемлекеттік қызмет қосылды (Білім туралы құжаттардағы мәліметтерді өзектендіру (түзету).
Есепті кезеңде (2022 жылғы 4 тоқсанда) білім саласында 21768, оның ішінде 20829 жеке, 939 - заңды тұлғаларға мемлекеттік қызмет көрсетілген.
Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту саны 4 тоқсанда – 1240, оның ішінде 1020 жеке, 220 - заңды тұлғаларға («Лицензияны және/немесе лицензияға қосымшаларды беру», «Лицензияны және/немесе оған қосымшаны қайта ресімдеу», «Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің оқулық басылымдары бойынша авторларға және авторлар ұжымына сараптамалық қорытынды беру», «Негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім туралы құжаттарды тану», «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарынан шығатын ресми құжаттарды апостильдеу»).
Жоғарыда көрсетілген қызметтер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартудың негізгі себептері:
Бас тартудың негізделген заңды сипаты бар екенін хабарлаймыз.
Министрлік 2022 жылға көрсетілген мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасының мониторингі шеңберінде келесі жұмыстарды жүргізді:
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 8 желтоқсандағы № 78 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау қағидаларының (бұдан әрі - Қағидалар) 38, 42, 43-тармақтарына сәйкес Министрліктің Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау басқармасымен 2 тоқсанында Министрлікке бағынысты «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ 2022 жылғы мамыр айында ішкі бақылау өткізілді. Сондай-ақ, Білім және ғылым министрлігі екі министрлікке бөлінуіне байланысты тексеру бойынша есепті «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ бағыныстылығына қарай Ғылым және жоғары білім министрлігі ұсынуы тиіс.
Министрлік мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында Мемлекеттік корпорация қызметкерлерімен (өңірдегі филиалдардың қызметкерлерімен - 200) 2022 жылы шілде айында екі ауқымды оқыту семинарларын өткізді, білім саласындағы көрсетілетін қызмет көрсету кезінде туындайтын мәселелер, сұрақтар талғыланып, жауаптар, түсіндірмелер берілді.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде анықталған мерзімдерді бұзу фактілері бойынша «Педагог қызметкерлерді аттестаттау үшін құжаттарды қабылдау» (8) және Білім сапасы комитетінің аумақтық департаменттерімен «Білім беру ұйымдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою» (8) қызметі бойынша 16 фактілері анықталған. «Педагог қызметкерлерді аттестаттау үшін құжаттарды қабылдау» қызметі бойынша Министрлік бұзушылықтарға әкеп соқтырған фактілерді анықтау мақсатында қызметтік тексеру жүргізуде. «Білім беру ұйымдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою» қызметі бойынша қабылданған шаралар: Маңғыстау облысы бойынша аумақтық департаментінің маманына ескерту және сөгіс, Павлодар облысы бойынша аумақтық департаментінің маманына ескерту түріндегі шара қабылданған, басқа 5 фактісі бойынша құжаттарды қабылдау мерзімдерінің бұзылуы техникалық қателіктерге байланысты болғаны анықталды.
Мемлекеттік қызметтерді көрсетуді регламенттейтін құқықтық актілер нормаларын сақтау мақсатында Министрлік ведомстволық бағынысты ұйымдардың, жергілікті атқарушы органдардың қызметіне мониторингті тұрақты негізде жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 8 желтоқсандағы № 78 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау қағидаларының 41-тармағына сәйкес«Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бақылау іс-шараларының 2023 жылға арналған жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту вице-министрінің 2022 жылғы 27 желтоқсандағы № 06/5-вн бұйрығы бекітілді.