2023 жылға Оқу-ағарту министрлігінің ішкі мемлекеттік бақылау жөніндегі жұмысы туралы есеп

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, орта (бастауыш, негізгі орта және жалпы орта), оның ішінде арнайы және мамандандырылған, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімімен (ЦДИАӨМ 31.01.2020 жылғы № 39/НҚ бұйрығы)

ҚР Оқу-ағарту министрлігіне (бұдан әрі – Министрлік, ОМ) 42 мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің тізбесі бекітілді.

42 мемлекеттік қызметтің 41-і мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібін және мемлекеттік қызметтерді көрсетуге қойылатын талаптарды айқындайтын, процестің сипаттамаларын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай – ақ мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілермен (бұдан әрі – НҚА) бекітілген (НҚА тізбесі есепте көрсетілген).

НҚА құқықтық мониторингін жүргізу кестесіне сәйкес бекітілген НҚА-ға мониторинг жүргізілді.

Сонымен, НҚА мониторингін жүргізу кезінде бірқатар кемшіліктер анықталды:

- «Мектепке дейінгі білім беру саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 19 маусымдағы № 254 бұйрығында ерте брондау режимінің бос орнын алып тастау бөлігінде тиімсіз іске асырылатын нормалар (аталған нормалар жергілікті атқарушы органдармен тиімсіз пайдаланылды) (көрсетілген нормалар бұйрығының жобасында (ПИ-103876) алынып тасталды (мектепке дейінгі білім беру саласындағы көрсетілетін қызметтерді реинжиниринг шеңберінде) мүдделі мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдармен келісімде);

- «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымында дарынды балалардың оқуына ақы төлеу үшін Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының «Өркен» білім беру грантын тағайындауға арналған конкурсқа қатысу үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 27 сәуірдегі № 164 бұйрығында ескірген нормалар (күші жойылған НҚА-ға сілтеме бар) (ПИ-102924, ҚР ӘМ келісімде).

Бүгінгі таңда жоғарыда аталған бұйрықтарға өзгерістер енгізу бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Бұдан басқа, Министрлік «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне қаржылық және материалдық көмек көрсету» мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен талаптарын айқындау мақсатында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 4 мамырдағы 2020 жылғы 24 сәуірдегі № 158 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы бұйрықтың жобасын әзірлеп, мемлекеттік органдарға келісуге жолдады. Бүгінгі таңда бұйрықтың жобасы ҚР ӘМ келісілуде (ПИ-103214).

42 мемлекеттік қызметтің ішінен 12 мемлекеттік қызмет бойынша Министрлік және оның ведомстволық бағынысты ұйымдары көрсетілетін қызметті беруші болып табылады:

- Бала асырап алу агенттігін аккредиттеу немесе аккредиттеу мерзімін ұзарту;

- Бала асырап алу жөніндегі агенттіктің аккредиттеу мерзімін ұзарту;

- Лицензия және/немесе лицензияға қосымша беру;

- Лицензияны және/немесе оған қосымшаны қайта ресімдеу;

- Заңды тұлға қайта ұйымдастырылған кезде лицензияны және/немесе оған қосымшаны қайта ресімдеу;

- Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою;

- Педагогтерді аттестаттаудан өту үшін құжаттарды қабылдау;

- Республикалық маңызы бар мемлекеттік орта білім беру мекемелерінің басшыларын алмастыруға арналған конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау;

- «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымында дарынды балалардың оқуына ақы төлеу үшін Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасының «Өркен» білім беру грантын беру конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдау;

- Авторлар мен авторлық ұжымға мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің оқу басылымдарына сараптамалық қорытынды беру;

- Орта білімнен кейінгі негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік туралы құжаттарды тану;

- Орта білімнен кейінгі негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік туралы құжаттарды тану туралы куәліктің телнұсқасын беру.

Есепті кезеңде (2023 жылғы 4 тоқсан) «Бала асырап алу жөніндегі агенттікті аккредиттеу немесе аккредиттеу мерзімін ұзарту» мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі (Балалардың құқықтарын қорғау комитеті) арқылы заңды тұлғаларға 3 қызмет көрсетілді. Қалған көрсетілген қызметтер «Мониторинг» ИАЖ-да қолжетімді.

4 тоқсанның қорытындысы бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден 446 бас тарту тіркелді, оның ішінде 131 мемлекеттік қызмет қағаз түрінде берілді (барлығы 2023 жылы – 3 399 бас тарту, оның ішінде 1 222 мемлекеттік қызмет қағаз түрінде берілді) 6 мемлекеттік қызмет түрі бойынша (лицензия және/немесе лицензияға қосымша беру; лицензияны қайта ресімдеу және/немесе оған қосымшалар; заңды тұлға қайта ұйымдастырылған кезде лицензияны және / немесе оған қосымшаны қайта ресімдеу; Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою; авторлар мен авторлық ұжымға мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің оқу басылымдарына сараптамалық қорытынды беру; орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру).

Жоғарыда көрсетілген қызметтер бойынша Мемлекеттік қызметтер көрсетуден бас тартудың негізгі себептері:

- білім беру саласында мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын нормативтік құқықтық актілерге сәйкес талап етілетін барлық құжаттарды ұсынбау;

- өтініш берушінің біліктілік талаптарына сәйкес келмеуі;

- ұсынылған құжаттарда дұрыс емес немесе толық емес мәліметтердің, сондай-ақ қолданылу мерзімі өткен құжаттардың болуы.

Тоқтап қалу ұзақтығы бойынша, ақпараттық жүйелердің техникалық ақауларын анықтау бойынша Министрлік пен «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ тұрақты негізде мониторинг жүргізеді. Өз кезегінде, «ҰБДҚ» АЖ мониторингі және үздіксіз жұмыс істеуі үшін серверлік жабдық «ҚР ПІБ инженерлік-техникалық орталығы» ШЖҚ РМК Деректерді өңдеу орталығында орналастырылған. Тоқтап қалулар туындаған кезде техникалық қызметтер туындаған қателерді жою бойынша жұмыстарды уақтылы жүргізеді және іркіліс актілерін жасайды.

Мәселен, 2023 жылғы 12 және 10 желтоқсанда байланыс арналарындағы іркілістерге байланысты «ҰБДҚ» АЖ сервистерінің іркілісі мен баяу жұмыс қабілеттілігі фактілері тіркелді, есепті кезеңде жалпы тоқтап қалу уақыты
1 сағат 35 минутты, бір жыл ішінде – 38 сағат 33 минутты құрады (іркіліс актілері қоса беріледі).

Жалпы, есепті кезеңде барлық мемлекеттік қызметтер мемлекеттік қызметтер көрсету мерзімдерін бұзбай және көрсетілген мемлекеттік қызметтердің сапасына шағымдардың болмауынсыз көрсетілді.

Бұдан басқа, Министрліктің Комитеттері мен Департаменттері көрсететін мемлекеттік қызметтердің тиімділігін арттыру және одан әрі жақсарту мақсатында Департаменттердің, Комитеттің және оның аумақтық бөлімшелерінің қызметкерлері үшін мемлекеттік қызметтерді Цифрландыру және автоматтандыру департаментінің Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын талдау, бақылау және автоматтандыру басқармасы лицензиялаудың, бірыңғай тәсілдерді қолданудың және т.б. өзекті мәселелері бойынша семинар-кеңестер өткізді. «Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 8 желтоқсандағы № 78 бұйрығымен бекітілген талаптармен танысу бойынша жұмыстар жүргізілді.

Аппарат басшысының 2023 жылғы 28 желтоқсандағы № 397 бұйрығымен 2024 жылға арналған мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау іс-шараларының жоспары бекітілді (қоса беріледі).

Мемлекеттік қызметтердің мониторингін жүргізу үшін «ҰБДҚ» АЖ-н Мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне («Мониторинг» ИАЖ) қосу жұмыстары жүргізілді. 2023 жылғы
12 қазанда ақпараттық өзара іс-қимылды сәтті тестілеу және пайдалануға беру туралы актіге қол қойылды.

Invisible Government тұжырымдамасына сәйкес Министрлік адам туғаннан бастап зейнеткерлікке шыққанға дейінгі бүкіл өмірлік циклі бойы, атап айтқанда өмірлік жағдайлар бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді реинжинирингтеу жұмыстарын жүргізуде (бұдан әрі – ӨЖ).

Осылайша, Министрлік «Баланы балабақшаға қабылдау» ӨЖ реинжинирингілеу үшін 2 мемлекеттік қызмет оңтайландырды (мектепке дейінгі ұйымдарға кезекке қою, мектепке дейінгі ұйымға қабылдау). Айтылған жобаны іске асыру үшін келесі жұмыстар жүргізілді:

- 4 мектепке дейінгі ұйымды таңдауды ескере отырып, кезекті бөлудің жаңа моделі анықталды, ӨЖ негізгі кезеңдері бойынша жаңа тәсілдер анықталды (кезекке қою, бөлу, қабылдау);

- мектепке дейінгі ұйымдарға жолдамаларды (бұдан әрі – Бірыңғай база) есепке алудың, кезектіліктің және берудің бірыңғай базасын қамтитын ақпараттық жүйені іске асыру жөніндегі жол картасы әзірленді және бекітілді;

- технологиялық инфрақұрылым бекітілді және серверлерде (хостинг) бірыңғай база жобасының сынақ ортасы дайындалды, өрістердің атрибуттық құрамына қойылатын талаптар бекітілді;

- бірыңғай базаның мемлекеттік және мемлекеттік емес ақпараттық жүйелермен қажетті интеграцияларының тізбесі айқындалды;

- ЖАО АЖ дерекқорынан деректерді бірыңғай базаға көшіруді жүзеге асыру үшін Smart Bridge платформасында 10 сервис іске асырылды және жарияланды;

- мектепке дейінгі ұйымдарға кезекке қою, бөлу, қабылдау жөніндегі жаңа тәсілдерді нормативтік бекіту және мектепке дейінгі ұйымда орын босатылуына қарай көрсетілетін қызметті алушылардың өз бетінше жолдама алу бөлігінде сыбайлас жемқорлық нормаларын алып тастау мақсатында Министрлік «Мектепке дейінгі білім беру саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 19 маусымдағы № 254 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы бұйрыққа өзгерістер енгізу туралы бұйрықтың жобасын әзірледі және мемлекеттік органдарға келісуге жіберді;

 

- «ҰБДҚ» АЖ-да «Мектепке дейінгі ұйымдарға жіберу үшін мектеп жасына дейінгі (6 жасқа дейін) балаларды кезекке қою» және «Мектепке дейінгі ұйымдарға құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау» мемлекеттік қызметтері бойынша пилоттық жобаны іске қосу іске қосу үшін  бірлескен бұйрық бекітілді (30.11.2023 жылғы № 351 ОМ, № 591/НК ЦДИАӨМ). 2023 жылғы қазан айынан бастап Шахтинск және Петропавловск алаларында іске қосылды.

«Мектепке қабылдау» ӨЖ іске асыру үшін 5 мемлекеттік қызметтерін оңтайландыру (Мектепке құжаттарды қабылдау, Мектептен мектепке ауыстыру, тегін тасымалдау, тамақтану, қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалу) және 2 «жасырын»  мемлекеттік қызметтерін (мектепке дейінгі даярлық сыныбына құжаттарды қабылдау, мамандандырылған білім беру ұйымдары (дарынды балаларға арналған мектептер) іске асыру жұмыстары жүргізілуде. Осы жобаны іске асыру үшін келесі жұмыстар жүргізілді:

- жеке бас куәлігі және баланың туу туралы куәлігі туралы деректерді алу мақсатында «ҰБДҚ» АЖ-ны ЖТ МДҚ-мен, оқытудың барлық кезеңінде үлгерім табельдерін, оның ішінде ағымдағы тоқсандағы үлгерімт бағаларын автоматты түрде аударуды іске асыру үшін LMS жүйелерімен, ҚР ДСМ АЖ-мен барлық аурулар бойынша  иммундау туралы- «егу паспорты»  жазбаларын көрсету бөлігінде ақпарат алу мақсатында интеграция жұмыстары жүргізілді;

- «Мектептен мектепке ауыстыру» мемлекеттік қызметін жүзеге асыруда оқушының жеке ісін бір мектептен екінші мектепке автоматты түрде көшіру бөлігінде «Баланың профилі» модулі әзірленді.

«Колледжге түсу» ӨЖ реинжиниринг жүргізу үшін 3 мемлекеттік қызметті оңтайландыру (Колледжге құжаттарды қабылдау, Жатақхана, Тегін тамақ беру) және 1 мемлекеттік қызметті автоматтандыру (Колледжге ауыстыру және Қайта қабылдау) бойынша жұмыстары жүргізілуде. Осы жобаны іске асыру үшін келесі жұмыстар жүргізілді:

- «ҰБДБ» АЖ-ны ДСМ АЖ сервистерімен 075-У нысанындағы медициналық анықтама алу мақсатында, Еңбекмині АЖ жеңілдік мәртебесі туралы ақпарат алу мақсатында («мүгедектік», «көпбалалы отбасы», «Қандас», «ҰОС ардагерлеріне теңестірілген басқа мемлекеттер аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері жеңілдіктері бойынша), студенттің жеке ісін беру мүмкіндігі бар LMS жүйелерімен интеграциялау жұмыстары жүргізілді;

- «Колледжге ауыстыру және қайта қабылдау» қызметін іске асыру үшін студенттің жеке ісін беру мүмкіндігімен баланың/студенттің электрондық жеке ісін қалыптастыру үшін «баланың/білім алушының профилі» модулі әзірленді.

Сондай-ақ, Министрлік өмірлік жағдайларды бюрократиядан арылту шеңберінде келесі бастамалардың орындалуын қамтамасыз еткенін хабарлаймыз:

- қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтаманы egov электрондық үкімет порталы арқылы 30 минут ішінде көрсетілетін қызметті берушіге жүгінбей алу;

- «бір өтініш» қағидаты бойынша жетім баланы асырап-бағуға қамқоршыларға немесе қамқоршыларға жәрдемақы алу. Көрсетілетін қызметті алушы бір өтініш арқылы «Жетім балаға (жетім балаларға) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаға (балаларға) қорғаншылық немесе қамқоршылық белгілеу»  және «Қорғаншыларға немесе қамқоршыларға жетім баланы (жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) күтіп-бағуға жәрдемақы төлеуді тағайындау» 2 мемлекеттік қызметті алады;

- «EgovMobile» мобильді қосымшасындағы «Цифрлық құжаттар» бөлімінде техникалық және кәсіптік білім берудің цифрлық дипломдарын шығару. Қазіргі уақытта 2020 жылдан бастап берілген Цифрлық үлгідегі дипломдар қол жетімді. Жыл сайын 2026 жылдың желтоқсанына дейін 2020 жылға дейін берілген дипломдарын кезең-кезеңімен цифрландыру жоспарлануда;

- Egov mobile-да оқушылардың білімі туралы мәліметтер беруді шығару. Бұл бастама ата-аналардан, студенттерден анықтамаларды (балабақшадан, мектептен, колледжден) талап етуді алып тастауға, сондай-ақ ата-аналарға EGOV mobile арқылы баланың, оқушының және студенттің білім беру ұйымдарына тіркелуін тексеруге мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта Министрлікке ата-аналардан білім туралы мәліметтердегі дұрыс емес деректерді өзектендіру үшін кері байланыс түрінде өтініштер келіп түсуде, оның барысында Министрлік балалардың деректерін сәйкестендіру бойынша жұмыстарын және балалардың деректеріндегі сәйкессіздіктер анықталған білім беру ұйымдарында тексеру іс-шараларын жүргіуде;

- egov mobile арқылы баланы, оқушыны немесе студентті тіркеу және шығару туралы ата-анаға (заңды өкілге) push- хабарлама бағыттау. Бұл бастама ата-аналарға балалардың бір білім беру ұйымынан екіншісіне ауысуы туралы хабарлау, ата-аналар тарапынан шағымдарды болдырмауға және «ҰБДҚ» АЖ-да деректерді өзектендіруді қамтамасыз етуге, сондай-ақ жан басына шаққандағы қаржыландыру бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмауға мүмкіндік береді

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы бойынша «Әлеуметтік әмиян» арқылы халықты мемлекеттік қолдаудың монетарлық емес шаралары режимінде «Smart Data Ukimet» ақпараттық-талдау жүйесінде «отбасының цифрлық картасы» талдамалық шешімі арқылы іске асырылған «Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарын тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұсыну» мемлекеттік қызмет көрсету бойынша пилоттық жоба іске қосылды (17.11.2023 жылғы ОМ
№ 341 және ЦДИАӨМ № 556/НҚ бірлескен бұйрық)
.

2023 жылы пилоттық жоба Астана қаласында, Ақмола және Маңғыстау облыстарында іске асырылды

Жалпы Министрлік ішкі мемлекеттік бақылау іс-шараларын, оның ішінде мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін жақсарту және жетілдіру жөніндегі жұмыстарды сапалы жүргізу жөніндегі жұмыстарды тұрақты негізде жүргізеді және осы бағыттағы жұмыстарын жалғастыратын болады.

Дата публикации
11 марта 2024