«Орталық атқарушы органдар басшыларының, әкімдердің, ұлттық жоғары оқу орындары ректорларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің 2016 жылғы 5 ақпандағы № 190 Жарлығының (бұдан әрі – Жарлық) 1-тармағын орындау үшін және «Қазақстан Республикасында төтенше жағдайдың қолданысын ұзарту туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың 2020 жылғы 14 сәуірдегі № 306 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі А.Қ. Аймағамбетовтің (бұдан әрі – Министр) 2020 жылғы 24 сәуірге жоспарланған халыққа есеп беру кездесуі 2020 жылғы 4 маусымда «Kazinform» ақпараттық интернет-ресурсы (https://media.inform.kz/ru/video/2156) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) Facebook, Instagram (https://www.facebook.com/edugovrk,https://instagram.com/edu_news_qz?igshid=1j6nitimjjjzn) әлеуметтік желілеріндегі ресми аккаунттары, сондай-ақ, Министрдің Instagram-дағы парақшасы (https://instagram.com/ aimagambetov?igshid=hdr72kfp1p9q) арқылы онлайн-трансляция режимінде өтті.
Есеп беру кездесуі өткенге дейін бір ай бұрын Министрліктің ресми сайтына халықтан түскен 130 сұрақ пен ұсыныс және бірінші басшының блог-платформасына түскен 183 сұрақ жиналып, талданды.
Жарлықтың 6-тармағына сәйкес Министрліктің ресми сайтында есеп беру кездесуінде халық көтерген проблемалық мәселелер мен оларды шешу бойынша шаралар көрсетілген тізбе орналастырылған.
2020 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша Министрліктің ресми сайтында 105 сұрақ жауаптарымен, бірінші басшының блог-платформасында 178 сұрақ жауаптарымен орналастырылған.
Келіп түскен сұрақтар мен шағымдардың негізгі тақырыптары:
Аталған бағытта жұмыс жалғасуда және Министрліктің тұрақты бақылауында.