|
«Қазақстан Республикасының жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында оқу үшін білім беру гранттарын беру туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 15 тамыздағы № 347 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
|
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы № 58 қаулысымен бекітілген «Бакалавр» немесе «магистр» дәрежелері берілетін жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға ақы төлеу үшін білім беру грантын беру ережелеріне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
- «Қазақстан Республикасының жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында оқу үшін білім беру гранттарын беру туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 15 тамыздағы № 347 бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрыққа қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
- Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Ұлттық тестілеу орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі – ҰТО) (Д.Н. Смағұлов) білім беру грантын тағайындау туралы электрондық куәліктерді рәсімдесін және мәліметтерді үш жұмыс күні ішінде тиісті жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына (бұдан әрі – ЖЖОКБҰ) берсін.
- Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті (Ә.Ж. Тойбаев) және ҰТО (Д.Н. Смағұлов) бұқаралық ақпарат құралдарында білім беру гранттары иегерлерінің тізімін жариялауды қамтамасыз етсін.
- ЖЖОКБҰ 2020 жылғы 25 тамызға дейін (қоса алғанда) білім беру гранттарының иегерлерін студенттер қатарына қабылдауды қамтамасыз етсін.
- Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі М.М. Дәуленовке жүктелсін.
- Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Негіздеме: 2020-2021 оқу жылына арналған білім беру гранттарын беру жөніндегі республикалық конкурстық комиссияның 2020 жылғы 18 тамыздағы № 4 хаттамасы.
Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрі А. Аймағамбетов