Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 63-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
- Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің 2024 жылға арналған Операциялық жоспары (бұдан әрі –
Жоспар) бекітілсін.
- Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі (бұдан әрі –
Министрлік) ведомстволарының, құрылымдық бөлімшелері мен ведомстволық бағынысты ұйымдарының басшылары:
1) жоспарда көзделген іс-шаралардың уақытылы орындалуын қамтамасыз етсін;
2) тоқсан сайын өз құзыреті шегінде мониторинг жүргізсін және есепті тоқсаннан кейінгі айдың 10-на дейін Жоспардың орындалуы туралы ақпаратты Министрліктің Стратегия және халықаралық ынтымақтастық департаментіне ұсынсын.
- Жоспардың орындалуы туралы ақпарат пен есепті дайындау барысында Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы
3 ақпандағы № 7 бұйрығымен бекітілген Операциялық жоспарды әзірлеу, іске асыру, мониторинг жүргізу және іске асырылуын бақылау қағидалары басшылыққа алынсын.
- Министрліктің Стратегия және халықаралық ынтымақтастық департаменті:
1) тоқсан сайын мониторинг жүргізсін және есепті тоқсаннан кейінгі айдың 15-не дейін Жоспардың іске асырылуы туралы есепті Министрліктің аппарат басшысына ұсынсын;
2) осы бұйрықты қол қойылғаннан кейін он жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде Министрліктің интернет-ресурсында орналастырсын.
- Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
- Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
|
Аппарат басшысы
|
Т. Әбілмәжінов
|