БҰЙЫРАМЫН
Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге және балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларында:
57-тармақта:
төртінші бөлімнің бірінші абзацы жаңа редакцияда жазылсын:
«57. Оператор өтініш тіркелген күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде жеке меншік білім беру ұйымына мынадай сәйкессіздіктер анықталған кезде сәйкессіздіктерді жою қажеттігі туралы хабарлама жібереді:».
алтыншы бөлім жаңа редакцияда жазылсын:
«Оператор қоса берілген құжаттармен бірге жекеменшік білім беру ұйымының өтініші қайта келіп түскен күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде оларды қарауды жүзеге асырады:».
3-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
3-1-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.
|
Лауазымы |
|
Аты-жөні |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі