Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі жариялаған «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурстарға қатысуға ниет білдірген азаматтар құжаттарды қолма-қол, пошта арқылы немесе a.mahina@edu.gov.kz электрондық пошта мекенжайы арқылы ұсына алады.

 

2024 жылғы 24-25 қаңтар күндері «Е-қызмет» ықпалдастырылған ақпараттық жүйесіндегі ақаулықтарға байланысты, аталған жүйе арқылы «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурстарға қатысуға ниет білдірген азаматтардың құжаттарын қабылдау мүмкін емес.

Сонымен қатар, Mail.KZ техникалық қолдау орталығының мәлімдемесіне сәйкес Mail.KZ электрондық пошта жұмыс істемейді:

«Құрметті Mail.KZ пайдаланушылары

Қазіргі уақытта деректерді сақтау жүйелерінің дискілік кеңістігін кеңейту бойынша жұмыстар жүргізілуде, соның салдарынан аккаунттарға қол жеткізу уақытша шектелген. Барлық техникалық шаралар аяқталғаннан кейін қол жетімділік қалпына келтіріліп, деректер жоғалмайды.

Құрметпен, Mail.KZ техникалық қолдау орталығы.»

ОСЫҒАН БАЙЛАНЫСТЫ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРЛІГІ  2024 ЖЫЛҒЫ 24-25 ҚАҢТАР АРАЛЫҒЫНДА kadrmprk@mail.kz және kadrmp2024@mail.kz ЭЛЕКТРОНДЫҚ ПОШТАЛАР АРҚЫЛЫ ҚҰЖАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАЙ АЛМАЙДЫ.

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі жариялаған «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурстарға қатысуға ниет білдірген азаматтар құжаттарды қолма-қол, пошта арқылы немесе a.mahina@edu.gov.kz   электрондық пошта мекенжайы арқылы ұсына алады.

Сондай-ақ, хабарландыруда көрсетілген поштаға құжаттардың жеткізілу фактісін 8 (7172) 74-19-25, 74-23-62 телефондары арқылы нақтылау қажет екендігін ескертеміз.

Дата публикации
25 января 2024