Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Ішкі аудит департаменті 2023 жылы 9 аудиторлық іс-шара жүргізді, оның ішінде 1 аудиторлық іс-шара электрондық аудит түрінде жүргізілді.
Аудиторлық іс-шаралардың нәтижелері бойынша мемлекеттік аудит объектілеріне анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктерді, сондай-ақ оларды тудыратын себептер мен жағдайларды жоюға ұсынымдар жіберілді.
Қазіргі уақытта аудит объектілері бұзушылықтарды жою бойынша барлық тиісті шараларды қабылдады.