Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінде 2023 жылдың 4 тоқсанында жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарастыру бойынша ақпарат

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінде 2023 жылдың 4 тоқсанында жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарастыру бойынша ақпарат

ҚР Оқу-ағарту министрлігінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау жұмысы ҚР Әкімшілік іс жүргізу кодексінің талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

Ағымдағы жылдың 4 тоқсанында 2298  өтініш берушіден 3927 өтініш түсті. Өтініштердің 87% пайызы жеке тұлғалардан, 13%  пайызы заңды тұлғалардан (әйелдерден – 69,9%, ер адамдардан – 30,1%) қабылданған.

Жоғары тұрған ұйымдардан қарауға 365, оның ішінде ҚР Президентінің Әкімшілігінен – 223, ҚР Үкіметінің Аппаратынан – 142 өтініш түсті.

Өтініш түрлері бойынша ең көбі арыз – 2897, шағым – 277, ұсыныстар – 145, басқалары (хабарлама, сұраныс, пікір) – 610.

Өтініштердің жоғары пайызы (36,4%) 31-40 жас аралығындағы еңбекке қабілетті тұрғындардан түсті, әлеуметтік тұрғыдағы басым бөлігі 54,3% жалдамалы жұмысшылардан (1 172  адам) қабылданды.

Барлық өтініштерге заңмен белгіленген мерзімде жауаптар берілді. Мәселелердің сипаты бойынша өтініштер:

 Орта білім – 52 %;

Балалардың құқықтарын қорғау – 28 %;

Мектептер мен балабақшалардың құрылысы – 13%;

Мектепке дейінгі тәрбие – 7% болып бөлінеді.

 

 

Дата публикации
11 января 2024