2024 - 2027 жылдардағы каникул кезеңінде балаларды сауықтыру демалысын, олардың бос уақытын және жұмыспен айналысуын ұйымдастыру туралы

«Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» 2002 жылғы   8 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес балалардың тұлғалық, әлеуметтік, шығармашылық дамуы және каникул кезеңінде құқық бұзушылықтардың алдын алу үшін:

  1. Облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдері, Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі:

         1) каникул кезеңінде балаларды сауықтыру демалысын, олардың бос уақыты мен жұмыспен айналысуын қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыруға көзделген жергілікті бюджет қаражаты, демеушілік қаражат есебінен қамтамасыз етсін;

         2) балаларды сауықтыру ұйымдарын пайдалануға дайындау және қабылдау жөніндегі ведомствоаралық өзара іс-қимыл комиссияларының жұмысын жалғастырсын;

     3) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қала сыртындағы балаларды сауықтыру ұйымдарының, жыл бойы жұмыс істейтін балаларды сауықтыру ұйымдарының қызметін ұйымдастыру, білікті кадрлармен қамтамасыз ету, қала сыртындағы лагерьлердің желісін кеңейту және шығыны аз демалыс ұйымдары нысандарының (шатырлы, киіз үйлі, отбасылық лагерьлер, күндізгі орталықтар, туристік жорықтар, археологиялық және өлкетану экспедициялары) үлесін арттыру жөнінде шаралар қабылдасын;

         4) жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған, тұрмысы төмен және көпбалалы отбасылардың балаларын, мүгедек балаларды, даму мүмкіндіктері шектеулі балаларды, экологиялық қолайсыз аудандарда тұратын балаларды, жалпы білім беретін мектептердің үздік оқушыларын сауықтыру демалысын басым тәртіппен жергілікті бюджет қаражаты есебінен қамтамасыз етсін;

         5) жергілікті бюджет қаражаты есебінен жалпы білім беретін мектептердің, қосымша білім беру ұйымдарының жанындағы тамақтандыратын және тамақтандырмайтын күндізгі лагерьлерде балалардың бос уақытын ұйымдастырсын;

         6) еңбек және демалыс лагерьлерінде, мектеп орманшылығында, абаттандыру және көгалдандыру жасақтарында Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес балалардың жұмыспен айналысуын жүзеге асырсын;

         7) балаларды сауықтыру ұйымдарының өрт қауіпсіздігін, балаларды сауықтыру демалысы, олардың бос уақыты мен жұмыспен айналысуы кезінде балалардың өмірі мен денсаулығының судағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдасын;

         8) балаларға медициналық қызмет көрсету және оларды сауықтыру үшін денсаулық сақтау ұйымдарының қызметін үйлестіруді қамтамасыз етсін.

         9) балаларды сауықтыру бойынша қызметтер көрсетуге арналған техникалық тапсырмада көзделсін:

         конкурс қорытындылары жарияланғаннан кейін 10 жұмыс күні ішінде өнім берушінің көрсетілетін қызметтерді қамтамасыз ету жөніндегі талап объектінің сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алу;

         тапсырыс берушінің объектіге алдын ала сауықтыру маусымы басталғанға дейін мониторинг жүргізу құқығы (мұнда мемлекеттік бюджеттен тамақтануға, білім алуға, сауықтыруға мемлекеттік тапсырыс орналастырылады) және құзыретті мемлекеттік органдарды тарта отырып, қызмет көрсету кезеңінде маусымына кемінде 1 рет;

         10) объектінің сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды болмаған кезде балалардың сауықтыру ұйымдарына келуіне жол бермеу жөнінде шаралар қабылдауға;

         11) Балалар демалыс орталықтарының жұмыс істеуі және оларды дамыту жөніндегі өңірлік бағдарламалар бекітілсін.

  1. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі:

         1) қала сыртындағы балалар сауықтыру ұйымдарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдасын;

         2) балаларды балалардың сауықтыру ұйымдарына тасымалдаудың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге; 

         3) балалар жарақаттануының алдын алу және жол жүру қауіпсіздігін насихаттау жөніндегі алдын алу шараларын қабылдасын;

         4) құқық бұзушылықтардың, қылмыстардың алдын алу, балалардың панасыздығы мен қараусыз қалуының алдын алу жөніндегі іс-шараларды жүргізу.

  1. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігіне:

         1) балалардың сауықтыру ұйымдарының өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуді бақылауды ұйымдастыру;

         2) балалардың судағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және балалардың сауықтыру демалысы орындарында өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау бойынша профилактикалық іс-шаралар өткізуді ұйымдастыруға міндетті.

  1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне:

         1) балалардың сауықтыру ұйымдарының объектілерін санитариялық-эпидемиологиялық бақылауды және қадағалауды қамтамасыз етуге міндетті.

         2) балаларды сауықтыру ұйымдарына алып жүру кезінде медицина қызметкерлерімен қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдасын;

         3) балалар сауықтыру ұйымдарының медицина қызметкерлерінің денсаулық сақтаудың ақпараттық жүйелеріне қолжетімділігін қамтамасыз етсін.

  1. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігіне:

         1) балаларды сауықтыру демалысын, олардың бос уақыты мен жұмыспен айналысуын дайындау мен өткізу барысын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін;

         2) республикалық және өңірлік телевизия арналарында балаларды сауықтыру демалысын, олардың бос уақыты мен жұмыспен айналысуын ұйымдастыру туралы арнайы хабарлар циклін дайындасын және трансляциялауды қамтамасыз етсін.

         3) балаларға арналған демалыс кезеңінде мұражайлар мен киелі орындарға тегін экскурсиялар ұйымдастыру мәселесін пысықтау;

         4) балаларға арналған демалыс кезеңі мәдениет ұйымдарында тегін үйірмелер мен секциялар, шеберлік сыныптарын ұйымдастыру мәселесін пысықтау.

  1. Қазақстан Республикасы туризм және спорт министрлігіне:

         1) балаларға арналған демалыс кезеңі спорт ұйымдарында тегін үйірмелер мен секциялар, шеберлік сыныптарын ұйымдастыру мәселесін пысықтау;

         2) жүзуді тегін оқыту мәселесін пысықтасын.

  1. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі мемлекеттік ұлттық табиғи парктер аумағында балаларға арнайы туристік маршруттар қалыптастырсын.
  2. Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі 2024 - 2027 жылдарға арналған каникул кезеңінде балаларды сауықтыру демалысын, олардың бос уақыты мен жұмыспен айналысуын жалпы үйлестіру мен бақылауды қамтамасыз етсін және жыл сайын 10 қазанға қарай Қазақстан Республикасының Үкіметіне есеп берсін.
  3. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігіне жүктелсін.

 

 

              Премьер-Министр                                                                Ә. Смайылов

Дата публикации
29 декабря 2023