Жекеше әріптесті айқындау және мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын, оның ішінде үлгілік конкурстық құжаттаманы және мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының жобасын жасасу қағидаларын бекіту туралы

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 23-бабының 2-1) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 30 қарашадағы № 963 қаулысымен бекітілген «Жайлы мектеп» білім беру саласындағы пилоттық ұлттық жобасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. Қоса беріліп отырған Жекеше әріптесті айқындау және мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын, оның ішінде үлгілік конкурстық құжаттаманы және мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының жобасын жасасу қағидалары бекітілсін.
  2. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Инфрақұрылымды дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту вице-министріне жүктелсін.
  2. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Лауазымы

 

Аты-жөні

 

 

 

 

 

Дата публикации
29 декабря 2023