БҰЙЫРАМЫН:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, орта білім берудің, сондай-ақ кредиттік оқыту технологиясын ескере отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беруді жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру әдістемесінде:
3-тарауда:
1-параграфтың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Орта білім берудің жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру көлемін есептеуде мына көрсеткіштер қолданылады:
1) «Қазақстан Республикасындағы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8170 болып тіркелген) бекітілген Үлгілік оқу жоспарларына (бұдан әрі – ҮОЖ 1) сәйкес білім беру деңгейлері бойынша аптадағы сағаттар саны:
28,25 сағат – 1-4 сыныптардағы орташа сағат саны;
40,1 сағат – 5-9 сыныптардағы орташа сағат саны;
43,75 сағат – 10-11 сыныптардағы орташа сағат саны;
23,12 сағат – 1-4 түзете-дамыта оқыту сыныптардағы орташа сағат саны;
30,48 – 5-10 түзете-дамыта оқыту сыныптардағы орташа сағат саны;
33,25 сағат – 10-12 түзете-дамыта оқыту сыныптардағы орташа сағат саны;
8 сағат – 1-4 сынып оқушыларын үйде оқыту сағаттарының саны;
10 сағат – 5-9 сынып оқушыларын үйде оқыту сағаттарының саны;
19,5 сағат – 10-11 сынып оқушыларын үйде оқыту сағаттарының саны;
2) «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29031 тіркелді) бекітілген бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарына (бұдан әрі – МЖМБС), Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № ҚР ДСМ-76 бұйрығымен бекітілген «Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23890 болып тіркелген) сәйкес сыныптардың есептелген толықтырылуы:
қалалық жалпы білім беретін мектептерде – 24 оқушы;
ауылдық жалпы білім беретін мектептерде – 20 оқушы;
арнайы (түзету) сыныптарында – 12 оқушы;
3) «Педагог мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Педагог мәртебесі туралы Заң) 8-бабының 3-тармағының 1) тармақшасына сәйкес мемлекеттік білім беру ұйымдарында кәсіптік қызметін жүзеге асыратын педагогтар үшін бір аптаға нормативтік оқу жүктемесі:
орта білім беру ұйымдары үшін 16 сағат.»;
мынадай мазмұндағы 3-параграфпен толықтырылсын:
«3-параграф. «Жайлы мектеп» білім беру саласындағы пилоттық ұлттық жобасының төртінші тетігін іске асыру шеңберінде салу жолымен пайдалануға берілген жекеменшік білім беру ұйымдары үшін орта білім беруді жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыруды есептеу алгоритмі
6-1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 30 қарашадағы № 963 қаулысымен бекітілген «Жайлы мектеп» білім беру саласындағы пилоттық ұлттық жобасының төртінші тетігін іске асыру шеңберінде пайдалануға берілген жекеменшік білім беру ұйымдары үшін орта білім беруді жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру көлемін және жан басына шаққандағы қаржыландыру нормативін есептеу мына формулалар бойынша жүргізіледі:
Vжқ = ∑ (Nz * Контz) + (D * Контd),
Бір жекеменшік орта білім беру ұйымында білім беру бағдарламасының бір түрінен артық түрін іске асыру кезінде жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру көлемі білім беру бағдарламаларының түрлері, білім беру деңгейлері бойынша бір білім алушыға есептелген жан басына шаққандағы қаржыландыру нормативінің негізінде жиынтық түрде анықталады;
2) Nz – бір жылда бір білім алушыға есептегендегі жан басына шаққандағы қаржыландыру нормативі мына формула бойынша есептеледі:
Nz = Еz + Lz + А1 + А2 + Npk + U,
мұндағы:
z – білім алушыларды тиісті білім деңгейі (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта) бойынша, оның ішінде ерекше білім беруге қажеттіліктері бар білім алушыларды көрсететін индекс;
Еz – жылына бір білім алушыға арналған білім беру процесі шығыстарының нормасы.
ерекше білім беруге қажеттіліктері бар білім алушыға арналған Еz 2-ге көбейтіледі;
Lz – жылына бір білім алушыға білім беру ортасы шығыстарының нормасы;
А1 – бір білім алушыға шаққандағы ғимараттың және құрылыстың амортизациясына, жабдықтардың амортизациясына/сатып алынуына арналған шығыстардың нормасы жылына 46 АЕК-ті құрайды;
А2 – жекеменшік орта білім беру ұйымы объектісінің жобалық қуатын және жобалау-сметалық құжаттама бойынша осындай объектіні салу құнын ескере отырып (бірақ олардың жобалық қуатынан жоғары емес), бір оқушы орнының құнын есептеуден «Жайлы мектеп» білім беру саласындағы пилоттық ұлттық жобасының төртінші тетігін іске асыру шеңберінде салу жолымен пайдалануға берілген әрбір жаңа оқушы орнына есептелген мөлшерде жекеменшік орта білім беру ұйымдары ғимараттарының амортизациясына арналған шығыстар нормасы.
А2 жекеменшік білім беру ұйымдарына 29 жыл мерзімге жекеменшік білім беру ұйымы объектісінің нысаналы мақсатын өзгертуге құқық ауыртпалығы салынғаннан кейін 6 (алты) ішінде төленеді.
Жекеменшік орта білім беру ұйымы объектісінің жобалық қуаты есебімен А2 мынаны құрайды:
600 орын – жылына 161АЕК;
900 орын – жылына 127 АЕК;
1 200 орын – жылына 115 АЕК;
1 500 орын – жылына 101 АЕК;
2 000 орын – жылына 100 АЕК;
2 500 орын – жылына 87 АЕК.
Алғашқы 12 (он екі) айда жеңілдік кезеңі қолданылады, онда жекеменшік орта білім беру ұйымы объектісінің жобалық қуатына үш есе жоғары норматив төленеді, одан кейінгі 5 (бес) жылда норматив білім алушы іс жүзінде иеленген әрбір оқушы орны үшін төленеді (бірақ жобалық қуаттан аспайды).
А2 мөлшерін айқындау кезінде «2024-2026 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген, 2024 жылғы 1 қаңтарға арналған АЕК мөлшері қолданылады;
Npk – жылына педагогтердің біліктілігін арттыруға арналған шығыстар нормасы мынаған тең:
қалалық жекеменшік білім беру ұйымдары үшін – 1,38 АЕК;
ауылдық жекеменшік білім беру ұйымдары үшін – 1,66 АЕК;
U – оқулықтарды сатып алуға арналған шығыстар нормасы – 9,6 АЕК;
3) Контz – оқушылардың орташа жылдық контингенті;
алдағы жылға жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландырудың жылдық көлемін жоспарлау кезінде:
Контz =ағымдағы жылдың 1 қыркүйегіне болжамды контингент;
жан басына шаққандағы қаржыландырудың жылдық көлемін нақтылау кезінде:
Контz = (Контz1 * 8 + Контz2 * 4)/12,
мұндағы:
Контz1 – ағымдағы жылдың басындағы оқушылардың нақты контингенті,
Контz2 – ағымдағы жылдың соңындағы оқушылардың нақты контингенті,
8, 4, 12 – айлар саны;
4) D – білім алушыларға қаржылық және материалдық көмек көрсетуге арналған шығыстар нормасы, мынаған тең:
Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қостанай, Қызылорда облыстары және Жетісу облысы үшін – 50 АЕК;
Ақмола, Ақтөбе, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан облыстары және Шымкент қаласы үшін – 52 АЕК;
Атырау, Қарағанды облыстары, Ұлытау және Абай облыстары үшін – 54 АЕК;
Алматы, Шығыс Қазақстан облыстары және Алматы қаласы үшін – 56 АЕК;
Маңғыстау облысы және Астана қаласы үшін – 59 АЕК.
Қаржылық және материалдық көмек көрсету тәртібі «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне және жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын балаларға, төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балаларға және өзге де санаттағы білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қаржылай және материалдық көмек көрсетуге бөлінетін қаражатты қалыптастыру, жұмсау бағыты мен оларды есепке алу қағидаларын (бұдан әрі – Қаржылық және материалдық көмек көрсету қағидалары) бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы № 64 қаулысына сәйкес жүзеге асырылады;
5) Контd – Қаржылық және материалдық көмек көрсету қағидаларының 1-тармағында белгіленген білім алушылардың жекелеген санаттары;
6) Еz – білім беру деңгейлері бойынша орта білім беру ұйымдарының бір жылда бір білім алушыға есептегендегі білім беру процесі шығыстарының нормасы мына формула бойынша есептеледі:
Ez = Tz + X,
мұндағы:
Тz – орта білім беру ұйымының білім беру процесіне қатыстырылған басқарушылық персоналдың және педагогтардың бір жылда бір білім алушыға есептелген жылдық еңбекақы төлеу қоры;
Х – жылына бір білім алушыға есептегенде білім беру процесімен байланысты шығыстар мынаны құрайды:
1-4 сынып оқушылары үшін – 1,2 АЕК;
5-9 сынып оқушылары үшін – 4 АЕК;
10-11 сынып оқушылары үшін – 6 АЕК;
7) Тz білім беру деңгейіне (z) байланысты мына формула бойынша есептеледі:
Tz = Tz нег + Tz өтем,
мұндағы:
Tz нег = {12 * W + ((ЛА * kp + БЛА * f) * (e + r)) + St} * sno * mvz,
Tz өтем = [(ЛА * kp + БЛА * f) * ks + Эөтем1] * mvz;
мұндағы:
Тz нег – орта білім беру ұйымының білім беру процесіне қатыстырылған басқарушылық және негізгі персоналдың өтемақылық төлемдерсіз жылдық еңбекақы төлеу қоры;
Tz өтем – орта білім беру ұйымы қызметкерінің жыл сайынғы төленетін еңбек демалысына сауықтыру жәрдемақысын төлеуге арналған шығыстардың жылдық көлемі;
12 – айлық нормативтік шығындарды есептеуден жылдық нормативтік шығындарды есептеуге көшу үшін бір жылдағы айлар саны;
W – педагогтардың айлық еңбекақы қоры,
ЛА – БЛА-ны 5,12 коэффициентіне көбейту жолымен анықталатын бір педагогикалық мөлшерлеменің лауазымдық айлықақысы;
kр – лауазымдық айлықақының белгіленген мөлшеріне түзету коэффициенті, 2-ні құрайды;
f – басқарушылық персоналдың еңбекақы төлеу қорын есептеу коэффициенті – 2,897;
е – Экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы заңға сәйкес экологиялық қасірет аймағында тұрғаны үшін жыл сайынғы қосымша ақылы демалысқа қосымша ақы коэффициенті –
Егер мұндай қосымша ақы Экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы Заңда қарастырылмаған жағдайда е 0-ге тең болады;
r – Ядролық сынақ полигонында зардап шеккендерді қорғау туралы заңға сәйкес радиациялық қауіпті аймақтарда тұрғаны үшін жыл сайын ақысы төленетiн қосымша демалысқа қосымша ақы коэффициенті – 0,33.
Егер мұндай қосымша ақы Ядролық сынақ полигонында зардап шеккендерді қорғау туралы заңда қарастырылмаған жағдайда r 0-ге тең болады;
St – бір білім алушыға 0,135 БЛА мөлшеріндегі ынталандыру құрамдауышы;
sno – әлеуметтік салықтың, әлеуметтік аударымдардың, міндетті зейнетақы жарналарының және жұмыс берушінің міндетті медициналық сақтандыру қорына аударымдарының коэффициенті:
2024 жылға – 1,1286;
2025 жылға – 1,1518;
2026 жылға – 1,1618;
2027 жылға - 1,1718;
2028 және одан кейінгі жылдарға – 1,1768;
mvz – оқушы-сағат коэффициенті (нормативті оқу жүктемесі есебімен бір оқушыға шаққандағы оқу сағаттары санының ара салмағы) мына формула бойынша есептеледі:
mvz = tz / n / d,
мұндағы:
tz – ҮОЖ 1 бойынша аптадағы сағат саны;
n – аптадағы нормативтік оқу жүктемесі;
d – сыныптардың есептелген толықтырылуы. Үйде оқыту үшін mvz-ны есептеуде d = 1;
ks – мамандарға ауылдық жердегі жұмыс үшін төленетін қосымша ақы коэффициенті:
қала мектептері үшін – 1,0;
ауыл мектептері үшін – 1,25;
Эөтем1 – білім беру процесіне қатысатын персоналдың Экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы заңға сәйкес жыл сайынғы төленетін еңбек демалысына қолданыстағы төлемнен тыс сауықтыруға арналған материалдық көмек мынадай формула бойынша есептеледі:
Эөтем1 = ЛА * kр + БЛА * f,
егер мұндай қосымша ақы Экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы заңда қарастырылмаған жағдайда Эөтем1 0-ге тең болады;
8) W – педагогтардың айына еңбекақы төлеу қоры мына формула бойынша есептеледі:
W = (ЛА * kр + БЛА * f) * ks + БЛА * (Қеж1 + uz + ke1) + R,
мұндағы:
Қеж1 –білім беру процесіне қатысатын персоналдың ерекше еңбек жағдайлары үшін қосымша ақы коэффициенті – 1,314;
uz – педагогикалық қосымша ақылар мен үстеме ақылардың коэффициенті мынаны құрайды:
жалпы білім беретін сыныптарда оқитындар үшін – 4,475;
арнайы (түзету) сыныптарында оқитындар және үйде оқитындар үшін – 4,875;
ke1 –білім беру процесіне қатысатын персоналдың Экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы заңға сәйкес экологиялық қасірет аймағында тұрғаны үшін қосымша ақы коэффициенті:
ke1 – экологиялық апат аймақтарында – 6,568;
ke1 – экологиялық дағдарыс аймақтарында - 3,941;
ke1 – экологиялық дағдарыс алдындағы аймақтарда – 2,627.
Егер мұндай қосымша ақы Экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккендерді қорғау туралы заңда қарастырылмаған жағдайда ke1 0-ге тең болады;
R – Ядролық сынақ полигонында зардап шеккендерді қорғау туралы заңға сәйкес радиациялық қауіпті аймақта тұрғаны үшін қосымша ақы – 1,5 АЕК.
Егер мұндай қосымша ақы Ядролық сынақ полигонында зардап шеккендерді қорғау туралы заңда қарастырылмаған жағдайда R 0-ге тең болады;
9) Lz – бір жылда бір білім алушыға шаққандағы білім беру ортасы шығыстарының нормасы мына формула бойынша есептеледі:
Lz = Q + S + Р,
мұндағы:
Q – білім беру процесіне қатыспайтын персоналдың бір жылда бір білім алушыға есептелген жылдық еңбекақы төлеу қоры;
S – бір жылда бір білім алушыға шаққандағы орта білім беру ұйымын ағымды күтіп-ұстауға арналған шығыстардың нормасы, коммуналдық қызметтерді, интернет қызметтерін тұтыну көлемдері және олардың өңірлердегі тарифтеріне байланысты ерекшеленеді:
Атырау, Қостанай, Маңғыстау облыстары үшін – 10,19 АЕК;
Ақтөбе, Алматы, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Түркістан облыстары, Жетісу, Ұлытау облыстары және Астана, Алматы және Шымкент қалалары үшін – 11,19 АЕК;
Шығыс Қазақстан, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары, Абай облысы үшін – 12,69 АЕК;
Ақмола, Жамбыл облыстары үшін -13,19 АЕК;
Қызылорда облысы үшін – 14,69 АЕК.
Үйде оқыту жағдайындағы білім беру ортасы шығыстарының нормасын есептеуде S көрсеткіші 0-ге тең болады;
Р – 1-4 сынып оқушыларының тамақтануына арналған шығыстар нормасы мынаған тең:
Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қостанай, Қызылорда облыстары мен Жетісу облыстары үшін – 38 АЕК;
Ақмола, Ақтөбе, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан облыстары және Шымкент қаласы үшін – 40 АЕК;
Атырау, Қарағанды облыстары, Ұлытау және Абай облыстары үшін – 42 АЕК;
Алматы, Шығыс Қазақстан облыстары және Алматы қаласы үшін – 44 АЕК;
Маңғыстау облысы және Астана қаласы үшін – 47 АЕК.
Бұл норма Қаржылық және материалдық көмек көрсету қағидаларына сәйкес қаржылық және материалдық көмек алушылар контингентіне қолданылмайды.
10) Q – мына формула бойынша есептеледі:
Q = Qнег + Qөтем,
мұндағы:
Qнег = {12 * F + [БЛА * (c + q) * (e + r)]} * sno * mvср,
Qөтем = (БЛА * с + Эөтем2) * mvср,
мұндағы:
Qнег. – білім беру процесіне қатыспайтын персоналдың өтемақылық төлемдерсіз жылдық еңбекақы төлеу қоры;
12 – айлық нормативтік шығындарды есептеуден жылдық нормативтік шығындарды есептеуге көшу үшін бір жылдағы айлар саны;
F – білім беру процесіне қатыспайтын персоналдың еңбекақы төлеу қоры;
с – білім беру процесіне қатыспайтын білікті персонал жалақысының педагогтардың жалағысына қарағандағы үлес салмағының коэффициенті мынаны құрайды:
2024 жылға – 1,901;
2025 және одан кейінгі жылдарға – 2,223;
q – қызметкерлердің жыл сайынғы ақылы еңбек демалысына сауықтыруға арналған жәрдемақының төленуі көзделмеген, білім беру процесіне қатыспайтын білікті емес қызметкерлер жалақысының үлес салмағының коэфициенті:
2024 жылға – 2,634;
2025 және одан кейінгі жылдарға – 3,081;
mvср – mvz коэффициенттері мәнінің орташа көрсеткіші, 0,1-ге тең;
Qөтем. – білім беру процесіне қатыспайтын персоналдың жыл сайынғы ақылы еңбек демалысына сауықтыруға арналған жәрдемақыларды төлеу шығыстарының жылдық көлемі;
Эөтем2 – білім беру процесіне қатыспайтын персоналдың Экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккендерді әлеуметтік қорғау туралы заңға сәйкес жыл сайынғы ақылы еңбек демалысына қолданыстағы төлемнен тыс сауықтыруға арналған материалдық көмек, мынадай формула бойынша есептеледі:
Эөтем2 = БЛА * с,
Егер мұндай қосымша ақы Экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккендерді қорғау туралы заңда қарастырылмаған жағдайда Эөтем2 0-ге тең болады;
11) F – білім беру процесіне қатыспайтын персоналдың бір айдағы еңбекақы төлеу қоры, мына формула бойынша есептеледі:
F = БЛА * (c + q + Қеж2 + ke2) + R,
мұндағы:
Қеж2 – білім беру процесіне қатыспайтын персоналдың ерекше еңбек жағдайлары үшін қосымша ақы коэффициенті:
2024 жылға – 0,453;
2025 және одан кейінгі жылдарға – 0,53;
ke2 – білім беру процесіне қатыспайтын персоналдың Экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккендерді қорғау туралы заңға сәйкес экологиялық қасірет аймағында тұрғаны үшін қосымша ақы коэффициенті:
экологиялық апат аймақтарында:
2024 жылға – 2,267;
2025 және одан кейінгі жылдарға – 2,652;
экологиялық дағдарыс аймақтарында:
2024 жылға – 1,36;
2025 және одан кейінгі жылдарға – 1,591;
экологиялық дағдарыс алдындағы аймақтарда:
2024 жылға – 0,907;
2025 және одан кейінгі жылдарға – 1,061;
Егер мұндай қосымша ақы Экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккендерді қорғау туралы заңмен қарастырылмаған жағдайда ke2 0-ге тең болады.».
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
|
Лауазымы |
|
Аты-жөні |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі