Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Оқулық» республикалық ғылыми-практикалық орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің

«Оқулық» республикалық ғылыми-практикалық орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы

«Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Оқулық» республикалық ғылыми-практикалық орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Білім беру мазмұнын сараптаудың республикалық ғылыми-практикалық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – кәсіпорын) болып қайта ұйымдастырылсын.
  2. Мыналар:

1) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі кәсіпорынға қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылық ету жөніндегі уәкілетті орган;

2) кәсіпорын қызметінің негізгі нысаны мемлекеттік монополияға жатқызылған білім беру деңгейлері бойынша оқулықтарды, оқу-әдістемелік кешендер мен құралдарды сараптауды, жүзеге асыру болып айқындалсын.

  1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне кәсіпорынның жарғысын бекітуге енгізсін;

2) кәсіпорынның мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;

3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралар қабылдасын.

  1. «Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлігінiң мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы
    28 қазандағы №1111 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы,
    2004 ж., № 40, 522-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі туралы ережеде:

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қарамағындағы ұйымдардың тiзбесiнде:

реттік нөмірі 58-жол мынадай редакцияда жазылсын:

«58. «Республикалық ғылыми-практикалық білім беру мазмұнын сараптау орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.».

  1. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі                                                                  А. Мамин

ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА
Дата публикации
12 августа 2020