2023 жылғы 19 желтоқсанда «Е-қызмет» ықпалдастырылған ақпараттық жүйесі техникалық жұмыстардың жүргізілуіне байланысты қолжетімсіз екендігін хабарлаймыз.
Жоғарыда көрсетілгендердің негізінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінде «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтардың құжаттарын «Е-қызмет» ықпалдастырылған ақпараттық жүйесі немесе «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы электрондық түрде қабылдауды жүзеге асыру мүмкіндігі жоқ.
«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар құжаттарды қолма-қол, пошта арқылы немесе олардың электрондық көшірмелерін конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген электрондық пошта мекенжайы арқылы ұсына алады.