«Е-қызмет» ықпалдастырылған ақпараттық жүйесі туралы

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің 2023 жылғы 22 қарашадағы № 06-1-4/2582-И хатына сәйкес 2023 жылғы 16-18 желтоқсан аралығында және 2023 жылғы 30 желтоқсан мен 2024 жылғы 2 қаңтар аралығында «Е-қызмет» ықпалдастырылған ақпараттық жүйесі техникалық жұмыстардың жүргізілуіне байланысты қолжетімсіз болатындығын хабарлаймыз.

Жоғарыда көрсетілгендердің негізінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінде «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтардың  құжаттарын «Е-қызмет» ықпалдастырылған ақпараттық жүйесі немесе «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы электрондық түрде қабылдауды жүзеге асыру мүмкіндігі болмайтын болады.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар құжаттарды қолма-қол, пошта арқылы немесе олардың электрондық көшірмелерін конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген электрондық пошта мекенжайы арқылы ұсына алады.

Дата публикации
19 декабря 2023