«Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарын тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұсыну» мемлекеттік қызметін көрсету жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру туралы БІРЛЕСКЕН БҰЙРЫҚ

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 22-бабына сәйкес, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 13 қыркүйектегі № 1008 Жарлығымен бекітілген Мемлекет басшысының «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» 2022 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының 67-тармағын, Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 26 қарашадағы № 2 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс – қимыл жоспарының 82-тармағын орындау үшін БҰЙЫРАМЫЗ:

  1. «Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарын тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұсыну» мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі пилоттық жоба (бұдан әрі – пилоттық жоба) «Әлеуметтік әмиян» арқылы халықты мемлекеттік қолдаудың монетарлық емес шаралары режимінде «Smart Data Ukimet» ақпараттық-талдау жүйесінде іске асырылған «Отбасының цифрлық картасы» талдамалық шешімі арқылы проактивті тәсілмен Қазақстан Республикасы бойынша іске қосылсын.
  2. Пилоттық жобаны іске асыру кезінде Мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өзара іс-қимыл алгоритмі осы бірлескен бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
  3. Осы бірлескен бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Пилоттық жобаны іске асыру алгоритмі бекітілсін.
  4. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Цифрландыру және мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру департаменті, Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитеті, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлік қоғамы, «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы «Талдау» ұлттық зерттеулер және білімді бағалау орталығы» акционерлік қоғамы, білім беру саласындағы жергілікті мемлекеттік басқарудың жекелеген функцияларын жүзеге асыруға уәкілеттік берілген облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары мен ақпараттандыру объектілері:

1) «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 49-бабы
2-тармағының 6) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы
29 наурыздағы № 123 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16777 болып тіркелген) бекітілген «Электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерін интеграциялау қағидаларының 8-тармағына сәйкес пилоттық жоба аяқталғаннан кейін ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін сынау нәтижелері бойынша актінің болуын;

2) 2024 жылғы 1 сәуірден бастап өзінің ақпараттық қауіпсіздіктің меншікті жедел орталығын (бұдан әрі – АҚМЖО) құруды немесе Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес үшінші тұлғалардан АҚМЖО қызметін сатып алуды қамтамасыз етсін.

  1. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Цифрландыру және мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру департаменті, Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитеті, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлік қоғамы, «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы «Талдау» ұлттық зерттеулер және білімді бағалау орталығы» акционерлік қоғамы, білім беру саласындағы жергілікті мемлекеттік басқарудың жекелеген функцияларын жүзеге асыруға уәкілеттік берілген облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары мен ақпараттандыру объектілері «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 54-бабы 3-2-тармағы, Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 29 наурыздағы № 123 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16777 болып тіркелген) бекітілген «Электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерін интеграциялау қағидаларының 4-тармағы бойынша ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптарға сәйкес ақпараттық жүйелердің интеграциясын, сондай-ақ мемлекеттік және мемлекеттік емес ақпараттық жүйелердің ақпараттық қауіпсіздігі жөніндегі бірлескен жұмыстар шартының болуын қамтамасыз етсін.
  2. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Цифрландыру және мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру департаменті, Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитеті, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлік қоғамы, «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы «Талдау» ұлттық зерттеулер және білімді бағалау орталығы» акционерлік қоғамына, білім беру саласындағы жергілікті мемлекеттік басқарудың жекелеген функцияларын жүзеге асыруға уәкілеттік берілген облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары және ақпараттандыру объектілері пилоттық жобаны іске асыруды қамтамасыз етсін.
  3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту және Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрлеріне жүктелсін.
  4. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі пилоттық жоба кезеңі аяқталғаннан кейін осы бірлескен бұйрықтың 4 және 5-тармақтарында көзделген іс-шаралардың іске асырылуы туралы Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Ақпараттық қауіпсіздік комитетін хабардар етсін.
  5. Осы бірлескен бұйрық оған мемлекеттік органдар басшыларының соңғысы қол қойған күннен бастап қолданысқа енгізіледі және 12 (он екі) ай ішінде қолданыста болады.

 

 

Қазақстан Республикасының

Оқу-ағарту министрі

 

 

__________Ғ. Бейсембаев

 

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі

__________Б. Мусин

 

 

 

Результаты согласования

Министерство просвещения РК - Заместитель директора Тимур Владимирович Давлет, 16.11.2023 08:39:32, положительный результат проверки ЭЦП

Министерство цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности РК - Директор Максат Наймантайулы Ешенов, 17.11.2023 14:43:06, положительный результат проверки ЭЦП

Результаты подписания

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі - Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Б. Мусин, 17.11.2023 16:43:30, положительный результат проверки ЭЦП

ҚР Оқу-ағарту министрлігі - Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрі Г. Бейсембаев, 17.11.2023 16:05:33, положительный результат проверки ЭЦП

Дата публикации
20 ноября 2023