Реттеуші актілерді қайта қарау және «таза парақтан» реттеудің жаңа тәсілдеріне сәйкес кәсіпкерлік саласындағы міндетті талаптардың тізілімін қалыптастыру жөніндегі іс-шаралар шеңберінде Министрлік мынадай жұмыс жүргізді:
- Жетекшілік ететін саладағы ұсыныстар енгізілген 40 НҚА-дан (161 талап), барлық 40-на жаңа реттеуші саясаттың нормаларына сәйкес өзгерістер енгізілді. Тапсырма орындалды.
- Министрлік «Білім» саласы бойынша тізілімді қалыптастыру бойынша жауапты болып табылады. ҚР ОМ міндетті талаптарының тізіліміне, 11 заңнамалық және 140 заңға тәуелді актілер кіреді. Тізілім 100% толтырылды.
- Бизнес субъектілерін мемлекеттік бақылау және қадағалау жүйесін автоматтандыру мәселелері бойынша.
Министрлік цифрлық үкіметті қолдау орталығымен бірлесіп, мемлекеттік бақылау жүйесін автоматтандыру жөніндегі жұмысты жалғастыруда.
Қолданыстағы «Ұлттық білім беру деректер базасы» ақпараттық жүйесінің базасында білім беру ұйымдарын барып профилактикалық бақылау жүргізуге іріктеу үшін цифрлық үкіметті қолдау орталығымен көрсеткіштер әзірленді және келісілді.
Баланың құқықтарын қорғау саласында және білім беру жүйесінде ТБЖ-ға тиісті өзгерістер енгізілді.
Анықтама:
- «Білім беру жүйесіне тексеру жүргізу бойынша тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары мен тексеру парақтарын бекіту туралы» ҚР БҒМ-нің м.а. 31.12.2015 жылғы № 719 және ҚР ҰЭМ-нің м.а. 31.12.2015 жылғы № 843 бірлескен бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР ОАМ-нің (30.03.2023 жылғы № 76) және ҚР ҰЭМ-інің (30.03.2023 жылғы № 41) бірлескен бұйрығы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 31 наурыздағы №32215 болып тіркелді.
- «Баланың құқықтарын қорғау саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парағының нысанын бекіту туралы» ҚР БҒМ-нің 28.12.2015 жылғы № 708 және ҚР ҰЭМ-нің м.а. 30.12.2015 жылғы № 832 бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» ҚР ОАМ-нің (07.02.2023 жылғы № 30) және ҚР ҰЭМ-інің (07.02.2023 жылғы №17) бірлескен бұйрығы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 7 ақпанда №31864 болып тіркелді.