Оқу-ағарту министрі Ғ.Бейсембаевтың Павлодар облысының халқымен 2023 жылғы 3 қарашадағы кездесуі барысында көтерілген проблемалық мәселелерді шешу бойынша іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы ақпарат

 

№

Өтініш беруші туралы ақпарат

Проблемалық сұрақ

Орындалуы туралы ақпарат

1.

Шаймарданова Маржан Салменовна, №5 мектептің кәсіптік бағдар беру мұғалімі, Екібастұз қаласы

Ресми еңбекақы төлеу үшін "Педагог-кәсіби бағдар беруші" лауазымын қызметкерлердің Типтік штаттарына қосу туралы мәселе қалай шешілуде?

Қазіргі уақытта кәсіптік бағдар беруші-педагогтерге ақы төлеу үшін Типтік штаттар мен біліктілік сипаттамаларына толықтырулар енгізілуде.

2.

Құрманғалиева Гүлмира Садбекқызы, «Отбасы және балалар. Павлодар» ҚБ

 Мектептердегі психологтардың штат санын кеңейту мәселесін қарастыруды сұраймыз.

Министрлік бұл мәселені қарастырып жатыр және менің ойымша, 1 кезеңде - 500 оқушыға 1 маман есебінен шешілетін болады. Сонымен қатар, біз психологтардың біліктілігін арттыру мәселесін қарастырамыз.

3

Көкпасова Баян Жакенқызы, №1 балабақшаның медбикесі, Екібастұз қаласы.

Мектепке дейінгі ұйымдардағы медбикелердің еңбекақысын арттыру мәселесі. Мектепке дейінгі медицина қызметкерлерінің жалақысы көтеріле ме?

Кездесу барысында жауап берілді

Медицина қызметкерлерінің ғана емес, кітапханашылардың да еңбекақысын төлеу мәселесі пысықталуда

4

Құлмағанбетова Жанар Киргелдинқызы, Павлодар қаласының тұрғыны

Қазір ашық талқылауда тұрған Аттестаттау ережесінде басшының орынбасарларын аттестаттаудан өткізу тәртібінде санат беру реттілігін сақтау бойынша өзгерістер көзделген бе?

НҚА сайтында орналасқан Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 83 бұйрығының өзгерістер жобасында біліктілік талаптарына сәйкес және көрсеткіштер мен жетістіктерді бағалау парағын ескере отырып, мектеп басшысының орынбасары санатын беру көзделген. Осылайша, директордың орынбасары реттілікті ескермей, жоғары санатқа ие бола алады.

 

Дата публикации
08 ноября 2023