«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының
65-бабының 3-тармағына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2021 жылғы 25 қазандағы № 93 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының ұлттық даму жоспарын, елдің аумақтық даму жоспарын, саланы/аяны дамыту тұжырымдамасын, мемлекеттік органдардың даму жоспарларын, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспарларын әзірлеу, мониторингтеу, іске асыру, бағалау және бақылау әдістемесінің 59-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің 2023-2027 жылдарға арналған даму жоспарының нысаналы индикаторларын есептеу әдістемесінде:
1-бөлім. Есептеуге жататын нысаналы индикаторлардың тізбесі:
реттік нөмірі 2-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
|
2. |
Халықтың мектепке дейінгі / орта білім беру сапасына қанағаттану деңгейі |
% |
«Жоғары аудиторлық палата» ММ өткізетін Қазақстан Республикасының халқына әлеуметтік сауалнама нәтижелері |
»;
мынадай редакциядағы реттік нөмірлері 15, 16 және 17-жолдармен толықтырылсын:
«
|
15. |
Мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің жалақысын арттыру |
% |
ресми статистикалық ақпарат |
|
16. |
Кәсіптік-техникалық білім беру сапасы |
рейтингтегі орын |
халықаралық статистика |
|
17. |
Колледж студенттері стипендиясының мөлшерін ұлғайту |
% |
ресми статистикалық ақпарат |
»;
2-бөлім:
2-тармақ «Білім беру саласындағы жалпы қосылған құн» нысаналы индикаторын есептеу алгоритмі мынадай редакцияда жазылсын:
«2. «Халықтың мектепке дейінгі / орта білім беру сапасына қанағаттану деңгейі» нысаналы индикаторын есептеу алгоритмі
|
1. |
Нысаналы индикаторды айқындау (түсіндіру аппараты) |
Нысаналы индикатор мектепке дейінгі/орта білім беру сапасын және халықтың күту нәтижелеріне сәйкестігін айқындайды. |
|
2. |
Нысаналы индикатор бойынша жедел, алдын ала және есептік деректерді қалыптастыру кезеңділігі мен мерзімдері |
Жыл сайын есепті кезеңнің маусым-тамыз айларында. |
|
3. |
Нысаналы индикатор бойынша (болған жағдайда) ақпараттық жүйенің сілтемесі және есептік деректерді орналастыру орны көрсетілген ақпарат көздері (веб-сайтқа және ақпараттық жүйеге сілтемесін көрсете отырып) |
Ақпарат көзі: «Орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы
Орналастыру орны: Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің интернет-ресурсы, «Қызметі – Негізгі құжаттар – Тұжырымдама – Халықтың мектепке дейінгі / орта білім беру сапасына қанағаттану деңгейі» бөлімі (https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/documents/details/489688?lang=kk ). |
|
4. |
Өлшем бірлігін көрсете отырып, есептеудің егжей-тегжейлі және айқын бірізділігін көрсете отырып, нысаналы индикатордың алгоритмі |
Нысаналы индикаторды әлеуметтік сауалнама өткізу нәтижесінде алынған ақпарат негізінде Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасы есептейді.
Өлшем бірлігі – пайыз. |
|
4.1 |
республикалық деңгейде |
Ел халқының мектепке дейінгі / орта білім беру сапасына қанағаттану деңгейінің жалпылама көрсеткіші. |
|
4.2 |
жергілікті деңгейде (қажет болған жағдайда облыстық/ аудандық/қалалық деңгейін көрсету) |
Өңір халқының мектепке дейінгі / орта білім беру сапасына қанағаттану деңгейінің көрсеткіші. |
|
5. |
Нысаналы индикаторға қол жеткізудегі әрбір бірлесіп орындаушы мемлекеттік органның салым үлесін айқындай отырып, каскадтау немесе декомпозициялау арқылы жоғары тұрған МЖЖ құжаттарының көрсеткіштерімен өзара байланысы |
Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі ұлттық даму жоспарының стратегиялық көрсеткіштер картасы – «Халықтың мектепке дейінгі / орта білім беру сапасына қанағаттану деңгейі». |
»;
мынадай мазмұндағы 15, 16 және 17-тармақтармен толықтырылсын:
«15. «Мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің жалақысын арттыру» нысаналы индикаторын есептеу алгоритмі
|
1. |
Нысаналы индикаторды айқындау (түсіндіру аппараты) |
Нысаналы индикатор мектепке дейінгі ұйымдардың педагог мамандықтарының кадрлық әлеуетін күшейту және кәсіптің әлеуметтік мәртебесін, сонымен бірге беделін арттыру үшін мектепке дейінгі ұйымдар педагогтерінің жалақысын арттыру үлесін айқындайды. |
|
2. |
Нысаналы индикатор бойынша жедел, алдын ала және есептік деректерді қалыптастыру кезеңділігі мен мерзімдері |
Нысаналы индикатор тоқсан сайын (ақпан, мамыр, тамыз, қараша) қалыптастырылады, жылдық деректер – келесі есептік кезеңнің маусымында. |
|
3. |
Нысаналы индикатор бойынша (болған жағдайда) ақпараттық жүйенің сілтемесі және есептік деректерді орналастыру орны көрсетілген ақпарат көздері (веб-сайтқа және ақпараттық жүйеге сілтемесін көрсете отырып) |
Ақпарат көзі: Ұлттық статистика бюросының мектепке дейінгі ұйымдар педагогтерінің орташа айлық атаулы жалақысы бойынша деректері, «Қазақстан Республикасындағы қызметкерлердің саны және еңбекақысы» (тоқсан) «Қазақстан Республикасындағы негізгі еңбек көрсеткіштері» (жыл) электрондық кестелері (Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының интернет-ресурсы, «Статистика – Еңбек және табыс – Жалақы және еңбек жағдайы – Электрондық кестелер) (https://stat.gov.kz/industries/labor-and-income/stat-wags/spreadsheets/ ).
Орналастыру орны: Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің интернет-ресурсы, «Қызметі – Мектепке дейінгі білім – Құжаттар – Мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің жалақысын арттыру» бөлімі (https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/documents/details/504756?lang=kk ). |
|
4. |
Өлшем бірлігін көрсете отырып, есептеудің егжей-тегжейлі және айқын бірізділігін көрсете отырып, нысаналы индикатордың алгоритмі |
H= (G-F)/F*100, мұндағы H – мектепке дейінгі ұйымдардағы педагогтердің жалақысын арттыру үлесі G – мектепке дейінгі ұйымдардағы педагогтердің есепті жылдағы орташа айлық атаулы жалақысының теңгемен мәні F – мектепке дейінгі ұйымдардағы педагогтердің 2022 жылғы орташа айлық атаулы жалақысының теңгемен мәні
Өлшем бірлігі – пайыз. |
|
4.1 |
республикалық деңгейде |
2022 жылмен салыстырғанда мектепке дейінгі ұйымдардағы педагогтердің жалақысының өсу үлесі. |
|
4.2 |
жергілікті деңгейде (қажет болған жағдайда облыстық/ аудандық/қалалық деңгейін көрсету) |
- |
|
5. |
Нысаналы индикаторға қол жеткізудегі әрбір бірлесіп орындаушы мемлекеттік органның салым үлесін айқындай отырып, каскадтау немесе декомпозициялау арқылы жоғары тұрған МЖЖ құжаттарының көрсеткіштерімен өзара байланысы |
Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі ұлттық даму жоспарының стратегиялық көрсеткіштер картасы – «Халықтың мектепке дейінгі / орта білім беру сапасына қанағаттану деңгейі».
Қазақстан Республикасында мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы – «Мектепке дейінгі ұйымдардың басшылары, әдіскерлері, тәрбиешілерінің жалпы санынан бейінді білімі бар педагогтердің үлесі», «2 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды сапалы мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту», «Меншік нысанына қарамастан тәрбие мен оқыту сапасын бағалау өлшемшарттарына сәйкес келетін мектепке дейінгі ұйымдардың үлесі». |
|
1. |
Нысаналы индикаторды айқындау (түсіндіру аппараты) |
Жұмыс берушілердің пікірін сұрау арқылы техникалық және кәсіптік білім беру сапасын бағалау. |
|
2. |
Нысаналы индикатор бойынша жедел, алдын ала және есептік деректерді қалыптастыру кезеңділігі мен мерзімдері |
Нысаналы индикатор есепті жылдың |
|
3. |
Нысаналы индикатор бойынша (болған жағдайда) ақпараттық жүйенің сілтемесі және есептік деректерді орналастыру орны көрсетілген ақпарат көздері (веб-сайтқа және ақпараттық жүйеге сілтемесін көрсете отырып) |
Ақпарат көзі: ДЭФ ЖБИ есебі (https://www.weforum.org/reports) (Респонденттердің пікірін сұрау нәтижелері).
Орналастыру орны: Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің интернет-ресурсы, «Қызметі – Техникалық және кәсіптік білім – Құжаттар – «Кәсіптік-техникалық білім беру сапасы» Дүниежүзілік экономикалық форумның Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексі» бөлімі (https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/documents/details/457603?lang=kk ). |
|
4. |
Өлшем бірлігін көрсете отырып, есептеудің егжей-тегжейлі және айқын бірізділігін көрсете отырып, нысаналы индикатордың алгоритмі |
Нысаналы индикаторды Дүниежүзілік экономикалық форум Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексі шеңберінде есептейді. Өлшем бірлігі – пайыз. |
|
4.1 |
республикалық деңгейде |
Елдің техникалық және кәсіптік білім беру сапасын бағалау. |
|
4.2 |
жергілікті деңгейде (қажет болған жағдайда облыстық/ аудандық/қалалық деңгейін көрсету) |
- |
|
5. |
Нысаналы индикаторға қол жеткізудегі әрбір бірлесіп орындаушы мемлекеттік органның салым үлесін айқындай отырып, каскадтау немесе декомпозициялау арқылы жоғары тұрған МЖЖ құжаттарының көрсеткіштерімен өзара байланысы |
Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі ұлттық даму жоспарының стратегиялық көрсеткіштер картасы – «Кәсіптік-техникалық білім беру сапасы» Дүниежүзілік экономикалық форумның Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексі». |
|
1. |
Нысаналы индикаторды айқындау (түсіндіру аппараты) |
Нысаналы индикатор колледж студенттері стипендиясының мөлшерін арттыруды айқындайды. |
|
2. |
Нысаналы индикатор бойынша жедел, алдын ала және есептік деректерді қалыптастыру кезеңділігі мен мерзімдері |
Нысаналы индикатор жылына бір рет желтоқсанда қалыптастырылады. |
|
3. |
Нысаналы индикатор бойынша (болған жағдайда) ақпараттық жүйенің сілтемесі және есептік деректерді орналастыру орны көрсетілген ақпарат көздері (веб-сайтқа және ақпараттық жүйеге сілтемесін көрсете отырып) |
Ақпарат көзі: Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі, «Мемлекеттік стипендияларды тағайындау, төлеу және мөлшерлемелерін белгілеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 7 ақпандағы № 116 Қаулысы (26, 27-тармақтар).
Орналастыру орны: Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің интернет-ресурсы, «Қызметі – Техникалық және кәсіптік білім – Жаңалықтар – Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау» бөлімі (https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/news/details/528227?lang=kk ), «Әділет» Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі (https://adilet.zan.kz/kaz/docs/P080000116_ ) |
|
4. |
Өлшем бірлігін көрсете отырып, есептеудің егжей-тегжейлі және айқын бірізділігін көрсете отырып, нысаналы индикатордың алгоритмі |
H= (G-F)/F*100, мұндағы H – колледж студенттерінің стипендиясының көлемін ұлғайту G – колледж студенттерінің есепті жылдағы стипендиясының мөлшері теңгемен F – колледж студенттерінің 2022 жылға арналған стипендиясының мөлшері теңгемен
Өлшем бірлігі – пайыз.
Ескерту: орта буын бағыты және жұмысшы біліктілігі бойынша студенттердің стипендия мөлшерін ұлғайту, жеке анықталады. |
|
4.1 |
республикалық деңгейде |
Колледж студенттері стипендиясы мөлшерінің 2022 жылмен салыстырғанда өсуі. |
|
4.2 |
жергілікті деңгейде (қажет болған жағдайда облыстық/ аудандық/қалалық деңгейін көрсету) |
- |
|
5. |
Нысаналы индикаторға қол жеткізудегі әрбір бірлесіп орындаушы мемлекеттік органның салым үлесін айқындай отырып, каскадтау немесе декомпозициялау арқылы жоғары тұрған МЖЖ құжаттарының көрсеткіштерімен өзара байланысы |
Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі ұлттық даму жоспарының стратегиялық көрсеткіштер картасы – «Кәсіптік-техникалық білім беру сапасы» Дүниежүзілік экономикалық форумның Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексі».
Қазақстан Республикасында мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы – «Жастарды талап етілетін мамандықтар бойынша колледждерде тегін оқытумен қамту (9-сынып бітірушілері)». |
».
Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрінің
міндетін атқарушы Е. Оспан
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы Стратегиялық
жоспарлау және реформалар агенттігі
__________________________
2023 жылғы «___» ________
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
______________________
2023 жылғы «___» ________