Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің лауазымды адамдарының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауының регламентін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік                      кодексінің 90-бабына, «Орталық мемлекеттік органдардың және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың әкімдері аппараттарының лауазымды адамдарының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауының үлгілік регламентін бекіту, «Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдері аппараттарының лауазымды адамдарының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауының үлгілік регламенті мен Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдері аппараттарының өтініштерді қарауды бақылау бөлімдері туралы үлгілік ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 8 қыркүйектегі № 560 қаулысына өзгерістер енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 15 наурыздағы № 214 қаулысының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің лауазымды адамдарының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауының регламент осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес бекітілсін.
  2. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің вице-министрлері, аппарат басшысы, құрылымдық бөлімшелері мен ведомстволарының басшылары Регламент талаптарының қатаң сақталуын қамтамасыз етсін.
  3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту вице-министрлері мен аппарат басшысына жүктелсін.
  4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

        

         Министр                                                                                        Ғ. Бейсембаев

Дата публикации
31 октября 2023