«Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге және балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 27 тамыздағы № 381 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

  1. «Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге және балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 27 тамыздағы № 381 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №29323 тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

13-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«3) «Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы қызметті жүзеге асыратын террористік тұрғыдан осал объектілерді терроризмге қарсы қорғауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 30 наурыздағы № 117 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы қызметті жүзеге асыратын террористік тұрғыдан осал объектілерді терроризмге қарсы қорғауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 5 сәуірде № 27414 болып тіркелген) терроризмге қарсы қорғалуды.»

56-тармақ 9) тармақшамен толықтырылсын:

«9) «Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы қызметті жүзеге асыратын террористік тұрғыдан осал объектілерді терроризмге қарсы қорғауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 30 наурыздағы № 117 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы қызметті жүзеге асыратын террористік тұрғыдан осал объектілерді терроризмге қарсы қорғауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 5 сәуірде № 27414 болып тіркелген) терроризмге қарсы қорғалуды»

66-тармақтың 14) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«14) «Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы қызметті жүзеге асыратын террористік тұрғыдан осал объектілерді терроризмге қарсы қорғауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 30 наурыздағы № 117 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы қызметті жүзеге асыратын террористік тұрғыдан осал объектілерді терроризмге қарсы қорғауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 5 сәуірде № 27414 болып тіркелген) терроризмге қарсы қорғалуды.»

101-тармақтың 15) тармақшасы толықтырылсын:

«15) «Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы қызметті жүзеге асыратын террористік тұрғыдан осал объектілерді терроризмге қарсы қорғауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 30 наурыздағы № 117 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы қызметті жүзеге асыратын террористік тұрғыдан осал объектілерді терроризмге қарсы қорғауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 5 сәуірде № 27414 болып тіркелген) терроризмге қарсы қорғалуды.»

  1. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту вице-министріне жүктелсін.
  2. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 Министр

 

 

 Ғ.Бейсембаев

 

 

 

 

 

« КЕЛІСІЛДІ»

 Қазақстан Республикасының

Қаржы министрлігі

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»

 Қазақстан Республикасының

Төтенше жағдайлар министрлігі

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Ішкі істер министрлігі

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»

 Қазақстан Республикасының

Ұлттық қауіпсіздік комитеті

 

Дата публикации
30 октября 2023