Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауалды «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым»бағдарламасын іске асыру мақсатында:
- Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс – қимыл жоспарының 85-тармағын орындау бойынша қоса беріліп отырған «Балаларға арналған 50 сауықтыру лагерін ашу, балалардың шығармашылық және зияткерлік әлеуетін дамыту үшін кемінде 100 жаңа ірі объектілер салу жөніндегі 2023-2025 жылдарға арналған жол картасы» (бұдан әрі – Жол картасы) бекітілсін.
- Жол картасын орындауға жауапты орталық мемлекеттік органдар, облыстардың, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдіктері және өзге де ұйымдар (келісу бойынша):
1) Жол картасын іске асыру жөніндегі қажетті шараларды қабылдасын;
2) жыл сайын, жартыжылдықтың қорытындылары бойынша 5 қаңтарға және 5 шілдеге қарай Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігіне Жол картасының іске асырылу барысы туралы ақпарат ұсынылсын.
- Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі жыл сайын,
20 қаңтарға және 20 шілдеге қарай Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне және Үкіметіне Жол картасының іске асырылуы жөнінде жиынтық ақпарат ұсынуды қамтамасыз етсін.
- Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының
Оқу-ағарту министрлігіне жүктелсін.
Премьер-Министр Ә. Смайылов