Оқу-ағарту министрі Ғ.Бейсембаевтың Алматы облысының халқымен 2023 жылғы 13 қазандағы кездесу барысында көтерілген проблемалық мәселелерді шешу бойынша іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы ақпарат

 

№

Өтініш беруші туралы ақпарат

Проблемалық сұрақ

Орындалуы туралы ақпарат

1.

Батырбекова Күлянда Уәлиханқызы

Талғар ауданы «BilimInvect»  қауымдастығының Вице-президенті, «Дана» жекемешік білім беру  мектебін ЖШС-нің директоры

 

5 жыл бойы біз Талғар ауданының әкімдігіне және Алматы облысы әкімдігінің басқармасына Жаңа қуат ауылында 200 орындық жалпы білім беретін мектеп салу үшін жер учаскесін беру жөнінде бірнеше рет жүгіндік. Қазіргі уақытта Жаңа қуат ауылында мектеп жоқ. Алматы облысы, Талғар ауданы, Гүлдала ауылдық округі, Жаңа Қуат ауылында орналасқан жалпы ауданы 2,54 га 03-051-191-817 учаскесін мектеп құрылысына беруді қарастыруды сұраймыз.

Өтініш берушіге түсіндірілді

Кездесу барысында жауап берілді

2.

Шалгынбаева Рыскул, Еңбекшіқазақ ауданы, Жексенбеков атындағы орта мектебі директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.

Педагогтерді аттестациядан өткізуде жаңа форматын енгізуді қарастырып жатқандарыңыз мәлім, жобасымен де таныстық, осы мәселені өзіңізден сұрасақ деп және негізгі мақсаты неге көзделіп отыр.

Негізгі мақсат – педагогтердің үздіксіз кәсіби дамуын қамтамасыз ету.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша педагогтерді аттестаттау жүйесін жетілдіру жұмысы басталды. Атап айтқанда, Ұлттық платформа базасында педагог қызметінің нәтижелерін қалыптастыру процесі автоматтандырылуда.

Сабақты бақылаудың автоматтандырылған түрі әзірленді, ол нақты сабақ мысалында сынақтан өткізілді. Атестатталатын педагог платформадағы өзінің жеке кабинеті арқылы аттестациядан өтуге өтінімді өз бетінше бере алады, мұнда интеграциялық әдіс қолданыла отырып, мұғалімнің жеке деректері, білім алушылардың оқу үлгерімі мен білім сапасы, олимпиадалар мен жобалардағы нәтижелері, біліктілікті арттыру курстары, ПББ нәтижелері және т.б. ақпараттар жинақталған. Сондай-ақ, педагогика мен оқыту әдістемесі бойынша тестілеу алынып тасталды. Педагогтің кәсіби шеберлігі тек оқытылатын пәні бойынша және ол өз санатын модератор мен сарапшы дәрежесіне көтеруге өтініш бергенде ғана бағаланатын болады. Жоспарланған жаңа өзгерістерге сәйкес, педагогтің жоғары кәсіби деңгейі мен табысты қызметі оқушыларының жетістіктеріне тікелей байланысты болады.

Педагогтерді аттестациялаудың жаңартылған жүйесі 2024 жылдың қаңтар айынан бастап еліміздің төрт облысында: Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан және Түркістан облыстарында пилоттық режимде іске қосылады. Жобаны толық іске асыру 2024 жылдың көктемінде басталады деп жоспарлануда.

4.

АБИТОВ

Ерік Әзілжанұлы

Алматы облыстық мәслихатының тұрақты комиссиясысының төрағасы

Ауылдық статусы жоқ елді мекендерден саяжайлардан тасымалдауды ұйымдастыру мәселесі заңдылықтармен реттеле ма, саяжайлардың статуыс жоқ болса да білім бөлімдері балаларды тасымалдауды ұйымдастырып жүргізуде, құзырлы органдар белгіленген заңдылықтарға сүйене отырып тексеру жргізуде.

ҚР «Білім туралы» Заңының 6-бабының 2-тармағына сәйкес  облыстың жергілікті атқарушы органы тиісті кентте, ауылда, ауылдық округте мектеп немесе тиісті мектеп (бастауыш, негізгі мектеп бар, орта мектеп жоқ болған жағдайда) болмаған жағдайда білім алушыларды жақын жердегі мектепке дейін тегін алып баруды және одан алып қайтуды ұйымдастырады.

Сонымен қатар, «Халықтың тығыздығына және елді мекендердің қашықтығына қарай білім беру ұйымдары желісінің кепілдік берілген мемлекеттік нормативін бекіту туралы» ҚР БҒМ 2022 жылғы 6 мамырдағы № 185 бұйрығына сәйкес елді мекеннен 3 километрден астам қашықтықта тұрақты тұратын білім алушылар күнделікті мектепке және кері үйлеріне тасымалданады.

 

5.

ЕРУБАЕВА

Гүлжан Жұбайқызы

Алматы облысының тұрғыны

Талғар ауданы Рысқұлов ауылының №16 орта мектебіне 300 орындық қосымша мектеп салу мәселесін шешуге ықпал етуіңізді сұраймын.

Өтініш берушіге түсіндірілді

Кездесу барысында жауап берілді

 

Дата публикации
26 октября 2023