«Ұлттық білім беру дерекқоры» ақпараттық жүйесінің «Мектепке дейінгі ұйымдарға жолдамаларды берудің, кезектілік пен есепке алудың бірыңғай базасы» арқылы «Мектепке дейінгі ұйымдарға жіберу үшін мектеп жасына дейінгі (6 жасқа дейін) балаларды кезекке қою» және «Мектепке дейінгі ұйымдарға құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау» мемлекеттік қызметтері бойынша пилоттық жобаны іске асыру туралы БІРЛЕСКЕН БҰЙРЫҚ

 

 

 

Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 26 қарашадағы
№ 2 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауалды «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарының «Ақша баламен» қағидатын іске асыруға мүмкіндік беретін мектепке дейінгі ұйымдарға жолдамаларды есепке алудың, кезектіліктің және берудің бірыңғай базасын қамтитын ақпараттық жүйені құру» 76-тармағын орындау мақсатында және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 22-бабына, 21-баптың 1) тармақшасы және 18-баптың
6) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫЗ:

  1. «Ұлттық білім беру дерекқоры» ақпараттық жүйесінің (бұдан әрі –ҰБДҚ АЖ) «Мектепке дейінгі ұйымдарға жолдамаларды берудің, кезектілік пен есепке алудың бірыңғай базасы» арқылы «Мектепке дейінгі ұйымдарға жіберу үшін мектеп жасына дейінгі (6 жасқа дейін) балаларды кезекке қою» және «Мектепке дейінгі ұйымдарға құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау» мемлекеттік қызметтері бойынша пилоттық жобасы іске қосылсын (бұдан әрі – Пилоттық жоба).
  2. «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының
    49-бабы 2-тармағының 6) тармақшасына және 54-бабы 3-2-тармағына және Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 29 наурыздағы № 123 бұйрығымен бекітілген «Электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерін интеграциялау қағидаларының 4 және 8-тармақтарына сәйкес, Ұйымдарға және Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі (бұдан әрі –ҚР ОАМ), Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитеті (бұдан әрі –ҚР ЦДИАӨМ МКК), Білім басқармалары мен бөлімдері және мемлекеттік органдар мен мемлекеттік емес ұйымдардың ақпараттандыру объектілері пилоттық жоба кезеңі аяқталғаннан кейін және ақпараттық жүйесін өнеркәсіптік пайдалануға енгізгенге дейін ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптары болған жағдайда интеграцияны ақпараттық қауіпсіздіктің ұлттық үйлестіру орталығымен ақпараттық қауіпсіздіктің меншікті жедел орталығын өзара іс – қимылын қамтамасыз ете отырып, өзіндік мемлекеттік және мемлекеттік емес ақпараттық жүйелердің ақпараттық қауіпсіздігі жөніндегі бірлескен жұмыстар шартын қамтамасыз ету.
  3. Осы бірлескен бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Пилоттық жобаны іске асыру кезінде ҰБДҚ АЖ және мемлекеттік органдар мен мемлекеттік емес ұйымдардың ақпараттандыру объектілерінің өзара әрекеттесу тәртібі бекітілсін.
  4. Осы бірлескен бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Пилоттық жобаны енгізу жоспар-кестесі бекітілсін.
  5. ҚР ЦДИАӨМ МКК, ҰБДҚ АЖ Цифрландыру және мемлекеттік қызмет көрсетуді автоматтандыру және Мектепке дейінгі білім беру департаменттеріне, Білім басқармалары мен бөлімдеріне, Жергілікті атқарушы органныі (бұдан әрі – ЖАО) Білім басқармалары мен бөлімдеріне, «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы «Талдау» ұлттық зерттеулер және білімді бағалау орталығы» акционерліқ қоғамы, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерліқ қоғамы, 2023 жылғы қазан айынан бастап Пилоттық жобаны енгізуді қамтамасыз етсін.
  6. ЖАО Білім басқармалары мен бөлімдеріне:

1) Тәртіптің 12-қосымшасына сәйкес өтініш берушілерден сауалнама жасау;

2) мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдардың ақпараттандыру объектілерінен кезекте тұрғандардың деректерін және мектепке дейінгі ұйымдар контингентін интеграциялауды және көші қонды қамтамасыз етсін.

  1. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту және Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрлеріне жүктелсін.
  2. Осы бірлескен бұйрық мемлекеттік органдар басшыларының соңғысы қол қойған күннен бастап 12 (он екі) ай ішінде күшіне енеді және қолданылады.

 

 

Қазақстан Республикасының

Оқу-ағарту министрі

 

 

 

_____________Ғ. Бейсембаев

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі

 

______________ Б. Мусин

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
19 октября 2023