«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 22-бабына сәйкес, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 13 қыркүйектегі № 1008 Жарлығымен бекітілген Мемлекет басшысының «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» 2022 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының 67-тармағын, Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 26 қарашадағы № 2 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс – қимыл жоспарының 82-тармағымен орындау үшін, БҰЙЫРАМЫЗ:
- «Жалпы білім беретін мектептерде білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұсыну» мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі пилоттық жобаны (бұдан әрі – пилоттық жоба) «Әлеуметтік әмиян» арқылы халықты мемлекеттік қолдаудың монетарлық емес шаралары режимінде «Smart Data Ukimet» ақпараттық-талдау жүйесінде іске асырылған «Отбасының цифрлық картасы» талдамалық шешімі арқылы проактивті тәсілмен Қазақстан Республикасы бойынша 2023 жылғы 1 қарашадан 2024 жылғы 1 қарашаға дейінгі кезеңде іске қосу.
- Пилоттық жобаны іске асыру кезінде мемлекеттік органдардың мен ұйымдардың өзара іс-қимыл алгоритмі осы бірлескен бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
- Осы бірлескен бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес пилоттық жобаны іске асыру алгоритмі бекітілсін.
- Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Цифрландыру және мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру департаментіне, Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитетіне, Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің «Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлік қоғамына, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы «Талдау» ұлттық зерттеулер және білімді бағалау орталығы» акционерлік қоғамына, білім беру саласындағы жергілікті мемлекеттік басқарудың жекелеген функцияларын жүзеге асыруға уәкілеттік берілген облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарына және ақпараттандыру объектілеріне «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 49-бабы 2-тармағының 6) тармақшасына және 54-бабы 3-2-тармағына, Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 29 наурыздағы № 123 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16777 болып тіркелген) бекітілген, «Электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерін интеграциялау қағидаларының 4 және 8-тармақтарына сәйкес ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптарына сәйкес ақпараттық жүйелердің интеграциясын:
ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін сынау нәтижелері бойынша акті;
Ақпараттық қауіпсіздіктің ұлттық үйлестіру орталығымен өзара іс – қимылын қамтамасыз ете отырып, мемлекеттік және мемлекеттік емес ақпараттық жүйелердің ақпараттық қауіпсіздігі жөніндегі бірлескен жұмыстар шарты болған жағдайда қамтамасыз ету.
- Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Цифрландыру және мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру департаментіне, Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитетіне, Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің «Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлік қоғамына, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы «Талдау» ұлттық зерттеулер және білімді бағалау орталығы» акционерлік қоғамына, білім беру саласындағы жергілікті мемлекеттік басқарудың жекелеген функцияларын жүзеге асыруға уәкілеттік берілген облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарына және ақпараттандыру объектілеріне пилоттық жобаны іске асыруды қамтамасыз ету.
- Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту және Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрлеріне жүктелсін.
- Осы бірлескен бұйрық оған мемлекеттік органдар басшыларының соңғысы қол қойған күннен бастап күшіне енеді.
|
Қазақстан Республикасының
Оқу-ағарту министрі
_____________Ғ. Бейсембаев
|
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі
_____________Б. Мусин
|