ҚР Оқу-ағарту министрлігінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау жұмысы ҚР Әкімшілік іс жүргізу кодексінің талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
Ағымдағы жылдың 3 тоқсанында 2 956 өтініш берушіден 4 759 өтініш түсті. Өтініштердің 90,2% пайызы жеке тұлғалардан, 9,8% пайызы заңды тұлғалардан (әйелдерден – 65,2%, ер адамдардан – 34,8%) қабылданған.
Жоғары тұрған ұйымдардан қарауға 343, оның ішінде ҚР Президентінің Әкімшілігінен – 177, ҚР Үкіметінің Аппаратынан – 166 өтініш түсті.
Өтініш түрлері бойынша ең көбі арыз – 3 751, шағым – 257, ұсыныстар – 120, басқалары (хабарлама, сұраныс, пікір) – 631.
Өтініштердің жоғары пайызы (43,6%) 31-40 жас аралығындағы еңбекке қабілетті тұрғындардан түсті, әлеуметтік тұрғыдағы басым бөлігі 57,6% жалдамалы жұмысшылардан (1 728 адам) қабылданды.
Барлық өтініштерге заңмен белгіленген мерзімде жауаптар берілді. Мәселелердің сипаты бойынша өтініштер:
Орта білім – 39 %;
Балалардың құқықтарын қорғау – 27,5 %;
Мектептер мен балабақшалардың құрылысы – 18%;
Мектепке дейінгі тәрбие – 11% болып бөлінеді.