«2020-2021 оқу жылына арналған білім беру бағдарламаларының топтары бөлінісінде жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын бөлу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 18 мамырдағы № 210 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

«2020-2021 оқу жылына арналған білім беру бағдарламаларының топтары бөлінісінде жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын бөлу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 18 мамырдағы № 210 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

 

 

«Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында (Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органдар үшін мамандар даярлауды жүзеге асыратын білім беру ұйымдарын қоспағанда) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар мамандар даярлауға 2018-2019, 2019-2020, 2020-2021 оқу жылдарына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 16 сәуірдегі № 199 қаулысын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

  1. «2020-2021 оқу жылына арналған білім беру бағдарламаларының топтары бөлінісінде жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын бөлу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 18 мамырдағы № 210 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20661 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2020 жылғы 20 мамырда электронды түрде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрыққа 1-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

көрсетілген бұйрыққа 2-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

көрсетілген бұйрыққа 3-қосымша осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

  1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Респуликасы Білім және ғылым министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген                       іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі М.М. Дәуленовке жүктелсін.
  2. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

 

 

Лауазымы

 

Аты-жөні



2020-2021 оқу жылына арналған білім беру бағдарламаларының топтары бөлінісінде жоғары білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысы
Дата публикации
24 июля 2020