Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінде 2023 жылдың 2 тоқсанында жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарастыру бойынша ақпарат

ҚР Оқу-ағарту министрлігінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау жұмысы ҚР Әкімшілік іс жүргізу кодексінің талаптарына сәйкес жүзеге асырылады. Ағымдағы жылдың 2 тоқсанында 2 394 өтініш берушіден 3 751 өтінім түсті. Өтініштердің 86,1 пайызы жеке тұлғалардан, 13,9 пайызы заңды тұлғалардан (әйелдерден – 69,2 пайыз, ер адамдардан – 30,8 пайыз) қабылданған. Жоғары тұрған ұйымдардан қарауға 427, оның ішінде ҚР Президентінің Әкімшілігінен – 203, ҚР Үкіметінің Аппаратынан – 224 өтініш түсті. Өтініш түрлері бойынша ең көп өтініш – 2 532 құрады, оның ішінде шағым – 365, ұсыныстар – 173, басқалары (хабарлама, сұраныс, жауап) – 681. Өтініштердің жоғары пайызы (38,9%) 31-40 жас аралығындағы еңбекке қабілетті халықтан түссе, әлеуметтік тұрғыдағы басым бөлігі 56,7% жалдамалы жұмысшылардан (1 285 адам) қабылданды. Барлық өтініштерге заңмен белгіленген мерзімде жауаптар берілді. Мәселелердің сипаты бойынша өтініштер:
Орта білім – 38%
Мектептер мен балабақшалардың құрылысы – 25%
Балалардың құқықтарын қорғау – 21% болып бөлінеді.

Дата публикации
05 июля 2023