ҚР Оқу-ағарту министрлігінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау жұмысы ҚР Әкімшілік іс жүргізу кодексінің талаптарына сәйкес жүзеге асырылады. Ағымдағы жылдың 2 тоқсанында 2 892 өтініш берушіден 1 495 өтінім түсті. Өтініштердің 82 пайызы жеке тұлғалардан, 18 пайызы заңды тұлғалардан (әйелдерден – 68,9 пайыз, ер адамдардан – 31,1 пайыз) қабылданған. Жоғары тұрған ұйымдардан қарауға 317, оның ішінде ҚР Президентінің Әкімшілігінен – 204, ҚР Үкіметінің Аппаратынан – 113 өтініш түсті. Өтініш түрлері бойынша ең көп өтініш – 2 008 құрады, оның ішінде шағым – 262, ұсыныстар – 101, басқалары (хабарлама, сұраныс, жауап) – 521. Өтініштердің жоғары пайызы (35,8%) 31-40 жас аралығындағы еңбекке қабілетті халықтан түссе, әлеуметтік тұрғыдағы басым бөлігі 50,6% жалдамалы жұмысшылардан (757 адам) қабылданды. Барлық өтініштерге заңмен белгіленген мерзімде жауаптар берілді. Мәселелердің сипаты бойынша өтініштер:
Мектепке дейінгі тәрбие – 11%
Орта білім – 45%
Мектептер мен балабақшалардың құрылысы – 21%
Балалардың құқықтарын қорғау – 15% болып бөлінеді.