2020 жылы «Болашақ» халықаралық стипендиясын іске асырудың кейбір шаралары туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 11 маусымдағы № 573 қаулысымен бекітілген «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеу және «Болашақ» халықаралық стипендиясын жұмсау бағыттарын айқындау қағидаларын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

  1. Мыналар:

1) 2020 жылы «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсына қатысу үшін үміткерлерден құжаттар қабылдаудың және осы конкурсты өткізудің мына мерзімдері:

құжаттарды қабылдау – 2020 жылғы 20 шілде мен 31 қазан аралығы;

конкурсты өткізу – 2020 жылғы 27 шілде мен 30 қараша аралығы;

2) осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес 2020 жылға «Болашақ» халықаралық стипендиясы шеңберінде шетелде оқуға арналған мәндес мамандықтар тізбесі бекітілсін.

  1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Халықаралық ынтымақтастық департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым жетекшілік ететін вице-министріне жүктелсін.
  2. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі

 

А. Аймағамбетов

 

2020 жылға «Болашақ» халықаралық стипендиясы шеңберінде шетелде оқуға арналған мәндес мамандықтар тізбесі
Дата публикации
21 июля 2020