Бұйрықтың жобасы ТжКБ және ОБК ұйымдарын жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландырудың жылдық көлемін есептеу алгоритміне жан басына шаққандағы қаржыландыру көлемі мен дуальді оқытуды ұйымдастыруға арналған қосымша қаражат көлемінің сомасын көздейтін өзгерістердің енгізілуіне байланысты әзірленді.
Дуальді оқыту кезінде ТжКБ және ОБК ұйымдарының кәсіпорындарға (ұйымдарға) жіберетін қаражат көлемі мынадай шығыстарды ескереді:
өндірістік оқытуды ұйымдастырғаны үшін өндірістегі тәлімгерлерге қосымша ақы;
дуалды оқытудан өту кезеңіне өмірді жазатайым жағдайдан медициналық сақтандыру нормасы;
"Жас маман" жобасына қатысатын ТжКБ және ОБК ұйымдарының базасында өндірістік оқудан және кәсіптік практикадан өтетін бір білім алушыға шаққандағы жабдықтың амортизациясына арналған шығыстар нормасы.