«Мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарын дамыту бағдарламасының құрылымын және оны әзірлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің бұйрығының жобасына пресс-релиз

Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің «Мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарын дамыту бағдарламасының құрылымын және оны әзірлеу қағидаларын бекіту туралы» (әрі қарай – Жоба) бұйрығының жобасын әзірледі.

Бұйрық жобасының мақсаты ағымдағы жағдайды, ұзақ мерзімді мақсаттар мен күтілетін нәтижелерді ескере отырып, мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымының даму перспективаларын айқындау болып табылады.

Жобаның мәтінімен www.legalacts.egov.kz. ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында танысуға болады.

Дата публикации
17 августа 2023