Қазақстан Республикасы Президентінің «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарының «Оқу материалдарына лезде қол жеткізуді, мектеп ғимаратына кіруді қамтамасыз ететін және тамақтану үшін төлем құралы болып табылатын оқушыларға арналған сәйкестендіру карточкалары жүйесін іске қосу» 82-тармағын іске асыру шеңберінде «Білім беру саласындағы ақпараттандыру объектілеріне қойылатын ең төменгі талаптарды бекіту туралы» бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің бұйрықтың жобасы әзірленді.
Бұйрықтың жобасы жария талқылау үшін ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылған https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14667473 және қарау үшін жіберілген:
«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық Кәсіпкерлер палатасына;
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі жанындағы жеке кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптама кеңесінің мүшелеріне;
Қазақстан Республикасының оқу-ағарту және балалардың құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі Қоғамдық кеңес мүшелеріне;
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясына (сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама үшін).