«Білім беру саласындағы ақпараттандыру объектілеріне қойылатын ең төменгі талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 14 қарашадағы № 456 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

  1. «Білім беру саласындағы ақпараттандыру объектілеріне қойылатын ең төменгі талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 14 қарашадағы № 456 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 30534 болып тіркелді) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 581 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 163) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Білім беру саласындағы ақпараттандыру объектілеріне қойылатын ең төменгі талаптарда:

2-тармақ мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:

«6) аппараттық-бағдарламалық кешен – белгілі бір типтегі міндеттерді шешу үшін бірлесіп қолданылатын бағдарламалық қамтылым мен техникалық құралдар жиынтығы.»;

3-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«3. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, орта (бастауыш, негізгі орта және жалпы орта), оның ішінде арнайы және мамандандырылған, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және қосымша білім беру ұйымдарында пайдаланылатын білім беру саласындағы ақпараттандыру объектісі «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Меншік иесінің және (немесе) оператордың, сондай-ақ үшінші тұлғаның дербес деректерді қорғау жөніндегі шараларды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 12 маусымдағы
№ 179/НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32810 болып тіркелген), сәйкес дербес деректерді қорғау жөнінде шараларды қабылдау, сондай-ақ профилактикалық және техникалық жұмыстарды жүргізуді қоспағанда, тәулік бойы қол жеткізуді қамтамасыз ету, ақпаратты резервтік көшіру және сақтау, үздіксіз жұмыс істеу бойынша ISO/IEC 27001, ISO/IEC 27002 халықаралық стандартына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан серверлік үй-жайда (деректерді өңдеу орталығында) баяндалғандар бойынша шараларды қабылдай отырып орналастырылады.»;

мынадай мазмұндағы 33-1-тармақпен толықтырылсын:

«33-1. Аппараттық-бағдарламалық кешен олардың функционалы бойынша мынадай ең төменгі талаптарға ие:

1) орта (бастауыш, негізгі орта және жалпы орта), оның ішінде арнайы және мамандандырылған білім беру ұйымының ғимаратына баруды (келу, шығу) есепке алу және тіркеу, тамақтануға ақы төлеу, мектеп асханасында тегін және жеңілдікті тамақ алуды есепке алу және тіркеу функциясы бар сәйкестендіру карталарын және (немесе) білезіктерді және (немесе) динамикалық QR-кодты және (немесе) биометриялық сәйкестендіру құралдарын және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де тәсілдерін қолдану;

2) орта (бастауыш, негізгі орта және жалпы орта), оның ішінде арнайы және мамандандырылған білім беру ұйымдарының цифрлық білім беру ресурстарымен және (немесе) электрондық оқулықтармен және (немесе) қолжетімділікті бақылау және басқару жүйесімен интеграциялауға арналған сервистің болуы;

3) бағасын, тағамдық құндылығын (ақуыздың, майлардың, көмірсулардың, витаминдердің құрамы), энергетикалық құндылығын (калориялығы), мектеп асханасында есепке алуға және бекітуге арналған тағамдардың фотосуреттерін көрсете отырып, мәзірді орналастыру;

4) мектеп асханасында тамақтануға ақы төлеуді, тегін және жеңілдікпен тамақтануды есепке алуды және тіркеуді қамтамасыз ету;

5) мектеп асханасында білім алушылардың тамақтануы туралы ата-аналарды немесе басқа да заңды өкiлдерiн автоматты түрде хабардар ету, білім алушылар мен олардың ата-аналарының немесе басқа да заңды өкiлдерiнің мектеп асханасы қызметтерінің сапасын бағалауы;

6) ата-аналарды немесе басқа да заңды өкiлдерді мектеп асханасының мектеп мәзірі бойынша тегін мобильді қосымшаның және интернет-ресуртың жеке кабинеті арқылы хабардар ету, тамақтану (бағасын, тамақтану күні мен уақытын, тағамдық құндылығын (ақуыз, май, көмірсулар, витаминдер құрамы) және энергетикалық құндылығын (калориялығын) көрсететін мәзір) туралы статистика мен есептілікті алу;

7) тарту мәзірінде ата-аналарға және өзге де заңды өкілдерге тегін мобильді қосымшаның және интернет-ресурстың жеке кабинеті арқылы орта (бастауыш, негізгі орта және жалпы орта), оның ішінде арнайы және мамандандырылған білім беру ұйымдарында аллергендік қасиеттері бар тағамдарды білім алушылардың алуына шектеу қою үшін функциялар беру;

8) сомасын, білім алушылардың санын, тағамдардың атауын көрсете отырып, тегін және жеңілдікпен тамақтануды бақылау және есепке алу үшін есептілікті қалыптастыру;

9) білім алушылары мен қызметкерлерінің орта (бастауыш, негізгі орта және жалпы орта), оның ішінде арнайы және мамандандырылған білім беру ұйымдарына баруын (келуін, кетуін) есепке алуды және тіркеуді қамтамасыз ету;

10) ата-аналарды және өзге де заңды өкілдерді білім алушыларына орта (бастауыш, негізгі орта және жалпы орта), оның ішінде арнайы және мамандандырылған білім беру ұйымдарына барған күні мен уақыты, бару статистикасы мен есептілігі көрсетілген тегін мобильді қосымшаның және интернет-ресуртың жеке кабинеті арқылы барғаны (келуі, кетуі) туралы автоматты түрде хабардар ету;

11) орта (бастауыш, негізгі орта және жалпы орта), оның ішінде арнайы және мамандандырылған білім беру ұйымының білім алушылары мен қызметкерлерінің санын, күні мен уақытын көрсете отырып, баруды бақылау және есепке алу үшін есептілікті қалыптастыру

12) (Single Sign-On (sin-Он синглы)) бірыңғай кіру технологиясын қолдана отырып тегін мобильді қосымшаның және интернет-ресуртың жеке кабинеті арқылы білім алушыларға цифрлық білім беру ресурстарына және (немесе) электрондық оқулықтарға (орта (бастауыш, негізгі орта және жалпы орта), оның ішінде арнайы және мамандандырылған білім беру ұйымында цифрлық білім беру ресурстарына және (немесе) электрондық оқулықтарға қолжетімділік болған кезде) қол жеткізуін ұсыну.».

  1. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Цифрландыру және мемлекеттік қызмет көрсетуді автоматтандыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;

2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту вице-министріне жүктелсін.
  2. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

     

              

Лауазымы

 

Аты-жөні

 

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Цифрлық даму, инновациялар

және аэроғарыш

өнеркәсібі министрлігі



 

 

Дата публикации
14 августа 2023