2023 жылдың І-жартыжылдығы бойынша ішкі мемлекеттік аудит нәтижелері туралы

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Ішкі аудит департаменті 2023 жылдың бірінші жартыжылдығында 3 аудиторлық іс-шара жүргізді, оның ішінде 2 тиімділік аудиті және 1 сәйкестік аудиті.

Аудитпен қамтылған 26 587,3 млн.теңге сомадан  875,3 млн. теңге қаржылық бұзушылық, 1 997,6 млн. теңге рәсімдік сипаттағы бұзушылық анықталды.

Аудит нәтижелері аудит объектілерінің қызметінде жекелеген бұзушылықтар мен кемшіліктердің бар екендігін көрсетті.

Қазіргі уақытта аудит объектілері ұсынымдардың 93% - дан астамын орындады.

Дата публикации
25 июля 2023