«Республикалық ғылыми-практикалық білім мазмұнын сараптау орталығы» ШЖҚ РМК директоры бос лауазымына конкурс жариялау

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі, 010000 Астана қаласы, Мәңгілік ел көшесі, 8, 11-кіре-беріс, «Республикалық ғылыми-практикалық білім мазмұнын сараптау орталығы» ШЖҚ РМК директоры бос лауазымына конкурс жариялайды. Кәсіпорынның орналасқан мекен-жайы: Астана қаласы, Ә. Мамбетов, 24.

Қызметінің мәні – білім беру деңгейлері бойынша оқулықтарға, оқу-әдістемелік кешендер мен құралдарға сараптама жүргізуді ұйымдастыру болып табылады.

Қызметінің мақсаты – ғылыми-педагогикалық сараптама жүргізу арқылы білім мазмұны сапасын арттыру болып табылады.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын тараптар: жоғары білімінің, мамандығы бойынша кәсіпорынның бейініне сәйкес басшы лауазымдарда кемінде 5 жыл жұмыс өтілінің болуы.

Конкурсқа мынадай тұлғалар қатыса алмайды:

1) он сегіз жасқа толмаған;

2) бұрын сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық жасаған;

3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар;

4) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да жағдайлар.

Конкурсқа қатысуға үміткер тұлға мынадай құжаттарды ұсынады:

  • конкурсқа қатысу туралы өтініш (өтініште қоса тіркелетін құжаттардың тізбесі және жеке мәліметтерді тексеруге келісім беру көрсетілуі тиіс);
  • мемлекеттік және орыс тілдерінде түйіндеме (фотосуретпен қоса);
  • білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
  • Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабында көрсетілген еңбек қызметін растайтын құжаттар;
  • № 075/е нысандағы медициналық анықтама;
  • жеке куәлігінің көшірмесі.

Конкурсқа қатысу үшін өтініш пен құжаттарды қабылдау, хабарландыру жарияланған күннен бастап  күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде жүргізіледі.

Конкурстың өткізілетін күні мен орны қосымша хабарланады.

Жоғарыда аталған құжаттарды белгіленген мерзімде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Персоналды дамыту және басқару департаментіне (806-каб.) тапсыру қажет, телефон: 8 (7172) 74-24-19.

Дата публикации
04 июля 2023