Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің 2023-2027 жылдарға арналған даму жоспарының нысаналы индикаторларын есептеу әдістемесін бекіту туралы

«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының
65-бабының 3-тармағына, «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабының 3-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2021 жылғы 25 қазандағы
№ 93 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының ұлттық даму жоспарын, елдің аумақтық даму жоспарын, саланы/аяны дамыту тұжырымдамасын, мемлекеттік органдардың даму жоспарларын, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспарларын әзірлеу, мониторингтеу, іске асыру, бағалау және бақылау әдістемесінің 59-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің 2023-2027 жылдарға арналған даму жоспарының нысаналы индикаторларын есептеу әдістемесі бекітілсін.
  2. «Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің
    2020-2024 жылдарға арналған даму жоспарының нысаналы индикаторларын есептеу әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 28 желтоқсандағы № 526 бұйрығының күші жойылсын.
  3. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Стратегия департаменті осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін.
  4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы
    Оқу-ағарту министрлігі аппаратының басшысына жүктелсін.
  5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

 

Министр                                                                                 Ғ. Бейсембаев

 

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы

Ұлттық экономика министрлігі

______________________

2023 жылғы «___» ________

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы Стратегиялық

жоспарлау және реформалар агенттігі

__________________________

2023 жылғы «___» ________

 

 

 

 

Дата публикации
12 июня 2023