Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінде Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту Министрі Ғ.Б. Бейсембаевтың төрағалығымен Мемлекеттік аудит және тәуекелдер жөніндегі кеңестің (бұдан әрі – Кеңес) отырысы өтті.
Отырыста 2021-2022 жылдар кезеңі бойынша жүргізілген ішкі мемлекеттік аудиттің нәтижелері бойынша «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының қарсылықтары (дәлелдері) қаралды.
Кеңес отырысында Аудиторлық есепте көрсетілген бұзушылықтардың 1 тармағы бойынша түсініктеме ретінде қарсылықты қабылдау туралы, 4 тармағы бойынша қарсылықтарды ішінара қабылдау туралы, 18 тармағы бойынша қарсылықтарды қабылдаудан бас тарту туралы шешім қабылданды.
Министр Ішкі аудит департаментіне Кеңес шешімінен туындайтын шаралар қабылдауды тапсырды.