«Білім беру саласындағы ақпараттандыру объектілерін ұйымдастыру және олардың жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 1 желтоқсандағы № 503 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы және «Ұлттық білім беру деректер қоры» ақпараттық жүйесін қалыптастыру, сүйемелдеу, жүйелік-техникалық қызмет көрсету, интеграция және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 9 тамыздағы № 354 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

  1. «Білім беру саласындағы ақпараттандыру объектілерін ұйымдастыру және олардың жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы
    1 желтоқсандағы № 503 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7363 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«Мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру, қосымша білім беру саласындағы ақпараттандыру объектілерін ұйымдастыру және олардың жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы»;

кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

«Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 5-бабының
8) тармақшасын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:»;

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру, қосымша білім беру саласындағы ақпараттандыру объектілерін ұйымдастыру және олардың жұмыс істеу қағидалары бекітілсін.»;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Білім беру саласындағы ақпараттандыру объектілерін ұйымдастыру және олардың жұмыс істеу ережелерінде:

тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«Мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру, қосымша білім беру саласындағы ақпараттандыру объектілерін ұйымдастыру және олардың жұмыс істеу қағидалары»;

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1.     Осы мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру, қосымша білім беру саласындағы ақпараттандыру объектілерін ұйымдастыру және олардың жұмыс істеу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру, қосымша білім беру саласындағы ақпараттандыру объектілерін ұйымдастыру және олардың жұмыс істеу тәртібін, оның құрылымы мен міндеттерін айқындайды.»;

2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

  1. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:

1) ақпараттық жүйе – ақпараттық өзара іс-қимыл арқылы белгілі бір технологиялық әрекеттерді іске асыратын және нақты функционалдық міндеттерді шешуге арналған ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың, қызмет көрсетуші персоналдың және техникалық құжаттаманың ұйымдық-ретке келтірілген жиынтығы;

2) ақпараттандыру объектілері – электрондық ақпараттық ресурстар, бағдарламалық қамтамасыз ету, интернет-ресурс және ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым;

3) бағдарламалық қамтамасыз ету – бағдарламалардың, бағдарламалық кодтардың, сондай-ақ оларды пайдалану үшін қажетті техникалық құжаттамасы бар бағдарламалық өнімдердің жиынтығы;

4) деректер базасы – қандай да бір объектінің ақпараттық моделі ретінде бірлесіп сақтауға, автоматтандырылған жүргізуге және әкімшілендіруге арналған деректердің жүйелендірілген жиынтығы;

5) білім беру саласындағы ақпараттандыру объектілері – мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру, қосымша білім беру саласындағы ақпараттандыру объектілері.»;

7-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«1) педагогтер үшін оқыту семинарлары;»;

7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«10. Білім беру саласындағы ақпараттандыру объектілерін ұйымдастыру және олардың жұмыс істеуі «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2016 жылғы 20 желтоқсандағы № 832 қаулысымен бекітілген Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптарды ескере отырып жүзеге асырылады.»;

11-тармақ алып тасталсын.

  1. «Ұлттық білім беру деректер қоры» ақпараттық жүйесін қалыптастыру, сүйемелдеу, жүйелік-техникалық қызмет көрсету, интеграция және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 9 тамыздағы
    № 354 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29187 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

««Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы
10) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Ұлттық білім беру деректер қоры» ақпараттық жүйесін қалыптастыру, сүйемелдеу, жүйелік-техникалық қызмет көрсету, интеграция және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларында:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Осы «Ұлттық білім беру дерек қоры» ақпараттық жүйесін қалыптастыру, сүйемелдеу, жүйелік-техникалық қызмет көрсету, интеграция және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 5-бабы 10) тармақшасына сәйкес әзірленді және «Ұлттық білім беру деректер қоры» ақпараттық жүйесін (бұдан әрі – ҰБДҚ) қалыптастыру, сүйемелдеу, жүйелік-техникалық қызмет көрсету, интеграция және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету тәртібін белгілейді.».

  1. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Цифрландыру және мемлекеттік қызмет көрсетуді автоматтандыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;

2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту вице-министріне жүктелсін.
  2. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Лауазымы                                                                               Аты-жөні

 

 

 

 

 

КЕЛІСІЛДІ

Қазақстан Республикасының

Цифрлық даму, инновациялар

Және аэроғарыш

өнеркәсібі министрлігі

Дата публикации
07 июня 2023