«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының
65-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
- «Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің 2023 жылға арналған Операциялық жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің аппарат басшысының 2023 жылғы 10 наурыздағы
№ 65 бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің 2023 жылға арналған Операциялық жоспары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
- Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Стратегия департаменті осы бұйрықты қол қойылғаннан кейін он жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің интернет-ресурсында орналастырсын.
- Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
- Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
|
Аппарат басшысы
|
Д. Жекебаев
|