«Білімді ұлт» сапалы білім беру» ұлттық жобасына (ҚР Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазандағы № 726 қаулысымен) сәйкес 2025 жылға дейін елдің озық колледждерінің базасында халықаралық салалық талаптарға (стандарттарға) сәйкес келетін 20 құзыреттілік орталығын құру көзделген (2024 жылы – 5, 2025 жылы – 15).
Қазіргі уақытта Көкшетау қаласының Жоғары техникалық колледжі, Хромтау тау-кен техникалық жоғары колледжі, Қостанай автомобиль көлігі колледжі, Талдықорған жоғары политехникалық колледжі, «Astana Polytechnic» жоғары колледжі базасында құзыреттілік орталықтары құрылып, «APEC PetroTechnic» Жоғары колледжі» ЖШС секілді кадрларды даярлаудың халықаралық стандарттар талаптарына сәйкестігіне халықаралық салалық аккредиттеуден өтуге дайындық жұмыстары жүргізілуде.