Инклюзивті білім беру үшін жағдай жасаған техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының үлесі

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім

ТжКБ ұйымдарына түсетін ерекше білім беру қажеттіліктері бар студенттер санының өсуі байқалады. Өткен жылмен салыстырғанда студенттер саны 274 адамға өсті, 2022-2023 оқу жылына қабылдау 1 101 адамды құрады. Колледждерде ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушылардың жалпы саны – 3 202 адамды құрады.

763 колледждің 420 - сы инклюзивті білім беруге жағдай жасады (55%).

ЕББҚ бар адамдар үшін құқықтарды кеңейту шеңберінде нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер енгізілді.

Академиялық дербестікті ұсыну шеңберінде «Білім туралы» ҚР Заңына ТжКБ білім беру бағдарламаларын әзірлеу және бекіту бойынша ТжКБ ұйымының құзыреті енгізілді.

Мамандықтар мен біліктіліктер сыныптауышында (ҚР ОАМ 27.09.2018 ж. бұйрығы

№ 500) ЕББҚ бар адамдар үшін шектеулер алынып тасталды.

-медициналық-әлеуметтік сараптаманың (медициналық анықтаманың) ұсынымдары мен қарсы көрсетілімдерін ескере отырып, ЕББҚ бар адамдар үшін мамандық пен біліктілікке қабылдау жүзеге асырылады. (Оқуға қабылдаудың үлгілік қағидалары ҚР ОМ 18.10.2018 ж. № 578 Бұйрығы);

- «Жеңіл және орташа ақыл-ой кемістігі» диагнозы қойылған ЕББҚ бар адамдарды оқуға қабылдау психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысын ескере отырып жүргізіледі;

-қабылдау мүгедек балалар мен мүгедектерге қатысу үшін әңгімелесу арқылы жүзеге асырылады (көру, есту, тірек-қимыл аппаратының функциялары бұзылған) жеке аудитория, көмекші ұсынылады;

- колледждерде оқитын көру және есту бойынша мүгедектердің жоғары мемлекеттік стипендия алуға құқығы бар (оның белгіленген мөлшеріне 75%-ға).

- осы санаттағы адамдармен жұмыс істейтін оқытушылар үшін қосымша ақы қарастырылған. ЕББҚ бар балаларды оқытуға арналған шығыстардың нормалары екі есе дерлік есептеледі.

Колледждер мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына (ҚРЗ 03.05.2022 ж. № 118-VII ҚРЗ) сәйкес ҚРЗ бар адамдар үшін бейімделген ТжКБ білім беру бағдарламаларын дербес әзірлейді. 100-ден астам ТжКБ ұйымдары білім алушылардың дене кемістігі мен жеке мүмкіндіктеріне байланысты бейімделген білім беру бағдарламаларын әзірледі.

«Техникалық және кәсіптік оқыту ұйымдарында инклюзивті оқыту процесінің негізгі аспектілері мен шарттары» тақырыбында біліктілікті арттыру курстары өткізілді, онда 2018 жылы - 242, 2019 жылы - 186 ТжКБ оқытушылары оқытылды.

Ағымдағы жылдың наурыз айынан бастап колледждердің 4 900 педагогын оқыту жүргізілуде Оқыту нәтижелері педагогтердің инклюзивті білім беру жағдайында студенттердің нәтижелері мен оқу жетістіктерін бағалауды зерделеуі болып табылады. Қазіргі уақытта 3 111 адам оқуды сәтті аяқтады.

2025 жылға қарай барлық колледждерде ерекше білім беру қажеттіліктері бар адамдар үшін жағдай жасау жоспарлануда.

Дата публикации
13 мая 2023