|
Атауы |
Өлшем бірлігі |
2022 жылғы факт |
Орындау туралы ақпарат |
|
Жастарды талап етілетін мамандықтар бойынша колледждерде тегін оқытумен қамту (9-сынып бітірушілері) |
% |
70 |
2022 жылы мемлекеттік тапсырыс 45 мың орынға өсіп, мемлекеттік тапсырыстың жалпы көлемі 125 мың орынды құрады. Барлығы 9 сыныптың 121 863 түлегі колледждерге қабылданды, оның ішінде мемлекеттік тапсырыс бойынша 85 318 студент. Жастарды колледждерде сұранысқа ие мамандықтар бойынша тегін оқытумен қамту (9 сынып түлектері) 70%-ды құрады. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Министрлік ЖАО-мен бірлесіп мемлекеттік тапсырысты техникалық мамандықтарға қайта бағдарлау бойынша тиісті жұмыс жүргізді. 2022 жылы техникалық мамандықтарға мемлекеттік тапсырыс көлемі 2021 жылмен салыстырғанда 27,1 мың орынға ұлғайып, 70,4 (55%) мың орынды (2021 жылы – 43,3 (45%) мың орынды) құрады. Негізінен, мемлекеттік тапсырыс геология, тау-кен өнеркәсібі, энергетика, металлургия және машина жасау, көлік, байланыс, телекоммуникация және ақпараттық технологиялар, құрылыс және коммуналдық шаруашылық және т. б. бағыттар бойынша ұлғайтылды. ТжКБ ұйымдарына қабылдаудың үлгілік қағидаларына (Қазақстан Республикасы Білім Министрінің 2022 жылғы 5 шілдедегі № 311 бұйрығы) колледждерге түсу, жұмысқа орналасу міндеттемесі бар кәсіпорындардың өтінімдері бойынша кадрлар даярлау, квоталау үшін адамдардың тізбесін кеңейту бөлігінде өзгерістер енгізілді. |