«Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымына кіретін кейбір мемлекеттік органдардың ведомстволық наградалары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 15 желтоқсандағы № 1539 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымына кіретін кейбір мемлекеттік органдардың ведомстволық наградалары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 15 желтоқсандағы № 1539 қаулысына мынадай өзгерістертер енгізілсін:

1) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымына кіретін кейбір мемлекеттік органдардың ведомстволық наградаларымен марапаттау (ведомстволық наградаларынан айыру) қағидаларында:

«3. Ведомстволық наградалармен марапаттау негіздемелері» деген бөлімде:

«МЕЙІРІМ – ӘЛЕМГЕ МАХАББАТПЕН» медалі» деген кіші бөлім мынадай редакцияда жазылсын:

«МЕЙІРІМ» медалі

27-3. «МЕЙІРІМ» медалімен балаларды адамгершілік-рухани тәрбиелеу жүйесін дамытуға, жас ұрпақтың бойында ұлттық құндылықтарды қалыптастыруға,  балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау саласын жетілдіруге елеулі үлес қосқан, сондай-ақ балалардың әл-ауқатының деңгейін арттыруға, балалар үшін қолайлы жағдайлар жасауға, балалар инфрақұрылымын дамытуға ықпал ететін білім беру саласының қызметкерлері және өзге де адамдар марапатталады.»;

2) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымына кіретін кейбір мемлекеттік органдардың ведомстволық наградаларының тізбесі және сипаттамаларында:

«1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымына кіретін кейбір мемлекеттік органдардың ведомстволық наградаларының тізбесі» деген бөлімде:

«Медальдар» деген кіші бөлімнің 3-1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«3-1. Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі:

«МЕЙІРІМ»;

 «2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымына кіретін кейбір мемлекеттік органдардың ведомстволық наградаларының сипаттамалары (бұдан әрі – сипаттамалар)» деген бөлімде:

«Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің медалі» (4-1 қосымша) деген кіші бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«МЕЙІРІМ» Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің медалі» (4-1 қосымша)

 «МЕЙІРІМ» медалі диаметрі 45 мм шеңбер нысанында жезден жасалады. Медальдің фоны күңгірттелген.

Бет жағында шеңбердің жиектерінде ақ фонда алтын түстес «МЕЙІРІМ» деген жазу орналасқан. Жазулар нүктелермен бөлінген.

Шеңбердің ортасында – алтын сары түсті шұғылалы күн дискісі. Күн дискісінде тұмсығында бұтақ бар түркептер бейнеленген.

Сыртқы жағында «ЖАС ҰРПАҚТЫҢ АДАМГЕРШІЛІК ЖӘНЕ РУХАНИ ТӘРБИЕСІНЕ ҚОСҚАН ҮЛЕСІ ҮШІН» деген жазу орналасқан.

Медальдағы барлық бейнелер мен жазулар шығыңқы. Медаль құлақша мен шығыршық арқылы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы түстес жібек қатқыл лентамен тысталған ені 28 мм және биіктігі 25 мм тікбұрышты тағанға жалғанады. Қалыптың төменгі жағында ені 28,5 мм және биіктігі 7,4 мм беті жылтыр жапсырма бар.»;

сипаттамаларға 4-1-қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жазылсын.

  1. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

        Премьер-Министрі                                                          Ә. Смайылов

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                   

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
_____ жылғы ____________
№ ____ қаулысына
қосымша

 

Сипаттамаларға
4-1-қосымша

 

 

«МЕЙІРІМ» медалі

 

Дата публикации
11 мая 2023