«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабының 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
|
Министр Ғ. Бейсембаев
|
|
|
|
Қазақстан Республикасы бұйрығымен бекітілген
|
1) жоғары тұрған басшы – бағаланатын қызметшінің тікелей басшысы оған тікелей бағынысты болатын адам;
2) тікелей басшы – мемлекеттік лауазымы бойынша жоғары тұрған, мемлекеттік қызметші өзінің лауазымдық нұсқаулығына сәйкес оған тікелей бағынысты болатын адам;
3) бағалаушы адам – мемлекеттік орган қызметінің ерекшелігіне байланысты тікелей басшы және/немесе жоғары тұрған басшы, сондай-ақ 360 әдісімен бағалау кезінде бағаланатын адамның жұмыс ортасындағы адамдар тобы;
4) құрылымдық бөлімшенің/ведомствоның аумақтық бөлімшесінің басшысы – С-1, С-3 (дербес құрылымдық бөлімшелердің басшылары), C-O-1 санаттарының «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшісі;
5) «Б» корпусының қызметшісі – құрылымдық бөлімшенің/ ведомствоның аумақтық бөлімшесінің басшысын қоспағанда, «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметін атқаратын адам;
6) бағаланатын адам – құрылымдық бөлімшенің/ведомствоның аумақтық бөлімшесінің басшысы немесе «Б» корпусының қызметшісі;
7) нысаналы мақсатты индикаторлар (бұдан әрі – НМИ) – құрылымдық бөлімшенің/ведомствоның аумақтық бөлімшенің басшысы үшін белгіленетін және мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына, оның ішінде ұлттық жобаларға, «А» корпусы қызметшісінің келісіміне қол жеткізуге немесе мемлекеттік орган қызметінің тиімділігін арттыруға бағытталған көрсеткіштер;
8) саралау әдісі – «Б» корпусы қызметшілерінің қызметін бағалау олардың функционалдық міндеттерді орындау сапасы, міндеттерді орындау мерзімдерін сақтау, бастамашылдық және дербестік, еңбек тәртібін сақтау, атқарылған жұмыстың көлемі мен күрделігі – бағалау параметрлеріне сәйкестік дәрежесін ескере отырып анықталатын бағалау әдісі;
9) 360 әдісі – бағаланатын адамның жұмыс ортасынан адамдар тобын сұрау арқылы бағаланатын адамда талап етілетін құзыреттердің болуын анықтауға бағытталған бағалау әдісі;
10) калибрлеу сессиялары – бағаланатын адамдардың қызметін бағалау нәтижелерін талқылау, ықтимал түзету және бекіту үшін бағалаушы адамдардың кездесулері;
11) бағаланатын кезең – мемлекеттік қызметшінің жұмыс нәтижелерін бағалау кезеңі.
Бағалау бағаланатын адамның санатына байланысты НМИ қол жеткізу нәтижелері, саралау және 360 әдістері нәтижелерінің негізінде жүргізіледі.
НМИ және саралау бойынша қорытынды баға «Б» корпусы қызметшісінің есепті тоқсандардағы орташа бағасынан құралады.
«Функционалдық міндеттерін тиімді атқарады»,
«Функционалдық міндеттерін тиісті түрде атқарады»,
«Функционалдық міндеттерін қанағаттанарлық түрде атқарады»,
«Функционалдық міндеттерін қанағаттанарлықсыз түрде атқарады» (қанағаттанарлықсыз баға).
«Функционалдық міндеттерін тиімді атқарады» нәтижесіне 4-тен 5 баллға дейін, «Функционалдық міндеттерін тиісті түрде атқарады» нәтижесіне 3-тен 3,99 баллға дейін, «Функционалдық міндеттерін қанағаттанарлық түрде атқарады» нәтижесіне 2-ден 2,99 баллға дейін, «Функционалдық міндеттерін қанағаттанарлықсыз түрде атқарады» нәтижесіне 0-ден 1,99 баллға дейінгі бағалар диапазоны сәйкес келеді.
Бұл ретте Кадр қызметі ақпараттық жүйеде «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшісін мемлекеттік лауазымға тағайындауға және мемлекеттік лауазымнан босатуға құқығы бар лауазымды адам бекітетін мемлекеттік қызметшінің бағалау кестесін құрастырады.
1) мемлекеттік органның, құрылымдық бөлімшенің, ведомствоның аумақтық бөлімшесінің стратегиялық мақсаттары, мемлекеттік органның, құрылымдық бөлімшенің, ведомствоның аумақтық бөлімшесі жұмысының есептік кезеңдегі жалпы нәтижесі туралы бағаланушы адамдардың назарына жеткізу;
2) НМИ уақытылы қоюды, келісу мен бекітуді қамтамасыз ету;
3) бағаланатын кезең ішінде НМИ орындау деңгейіне тұрақты мониторинг жүргізу және оларға қызметінің қорытынды бағасы мен конструктивті кері байланысты ұсыну; бағаланатын адамдардың функционалдық міндеттерін орындау дәрежесіне бағаланатын кезеңде тұрақты мониторинг жүргізу және оларға қызметкердің қызметінің қорытынды бағасы және конструктивті кері байланысты ұсыну;
4) бағалау процесінде бағаланатын адамдарды бағалау бойынша даулы мәселелерді, олар туындаған жағдайда, калибрлік сессияларға және оларды шешуге қатысу.
1) олардың НМИ/қойылған міндеттерді орындау дәрежесіне жүйелі мониторинг жүргізу;
2) 360 әдісі бойынша оның қызметін бағалау шеңберінде уақтылы өзін-өзі бағалауды жүргізу;
3) қызметті бағалау нәтижелерін талқылау бойынша басшымен кездесулерге қатысу.
1) коммуникациялық хабарламаларды дайындау, бағалау процесіне қатысушыларға консультация жүргізуді қоса алғанда, қызметті бағалау процесін ұйымдастыруды және сүйемелдеуді;
2) НМИ уақтылы талдау мен келісу;
3) қажет болған жағдайда басшы мен қызметкердің кездесулерге қатысуын, қызметті бағалау процесінің мәселелері бойынша консультация беру жолымен даулы мәселелерді шешуге көмектесуді;
4) калибрлеу сессияларына дайындық шеңберінде әрбір қызметкерге ақпарат дайындауды қоса алғанда, калибрлеу сессиясын өткізуді;
5) есепті кезең ішінде олардың қызметін бағалау шеңберінде қажетті құжаттарды толтыру толықтығы мен уақтылы орындалуын, қызметкерлердің қызметіне бағалау жүргізу шеңберінде қызметкерге тиісті хабарламалар жіберуді, қажетті есептік жазбаларды жүргізуді қамтамасыз етеді.
Қызметші бағалау кезеңі басталғаннан кейін тағайындалған жағдайда НМИ лауазымға тағайындалған күннен бастап он жұмыс күн ішінде белгіленеді.
Бұл ретте, НМИ белгіленген (бекітілген) күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Кадр қызметі жеке жұмыс жоспарының ақпараттық жүйеде (техникалық мүмкіндік болған жағдайда) орналастырылуын қамтамасыз етеді.
Егер қызметшінің тағайындалған күнінен бастап бағалау кезеңінің соңына дейінгі мерзім үш айдан аз болса, аталған қызметшіге НМИ белгіленбейді.
Құрылымдық бөлімше/ведомствоның аумақтық бөлімшесі басшысының НМИ қол жеткізуін бағалауды бағалаушы адам 4-тармақта белгіленген мерзімдерде жүргізеді.
Бұл ретте, мәліметтердің шынайылығын қамтамасыз ету мақсатында Кадр қызметі стратегиялық жоспарлау мәселесін үйлестіретін құрылымдық бөлімшенің келісімімен (бар болған жағдайда) НМИ-дің нақты мәндеріне алдын ала есептеу жүргізеді және оны осы Әдістеменің 4-тармағына сәйкес бағалау мерзімінің соңғы күніне дейінгі бес жұмыс күннен кешіктірмейтін мерзімде ақпараттық жүйе арқылы (техникалық мүмкіндік болған жағдайда) бағалаушы адамға жолдайды.
1) нақты (күтілетін оң өзгерістер көрсетіле отырып қол жеткізуге тиісті нәтиже анық белгіленеді);
2) өлшемді (НМИ жетістіктерін өлшеу үшін нақты өлшемшарттар белгіленеді);
3) қолжетімді (НМИ қолда бар ресурстарды, құзыреттер мен шектеулерді ескере отырып белгіленеді);
4) уақытпен шектеулі (бағаланатын кезең ішінде НМИ қол жеткізу мерзімі белгіленеді) болуы;
5) мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын, оның ішінде ұлттық жобаларды, Министрліктің стратегиялық мақсаттарын, «А» корпусы қызметшісінің келісімін іске асыруға не Министрлік қызметінің тиімділігін арттыруға бағдарланған болуы тиіс.
мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын, оның ішінде ұлттық жобаларды, Министрліктің стратегиялық мақсаттарын, «А» корпусы қызметшісінің келісімін іске асыруға не Министрлік қызметінің тиімділігін арттыруға бағдарланған болуы тиіс.
Ұсынылған материалдарды қарау қорытындылары бойынша бағалаушы адам осы Әдістеменің 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша бағалау парағының тиісті бағанында (0-ден 5-ке дейін) баға қояды.
Бағаларды қою кезінде бағалаушы адам осы Әдістеменің 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша түйінді нысаналы индикаторды іске асыру пайызына қарай жол берілетін бағаны айқындау кестесін пайдаланады.
Бұл ретте техникалық мүмкіндік болмаған жағдайда бағалау қағаз тасымалдағышта жүргізіледі.
Бағалаушы адам осы Әдістеменің 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша бағалау парағының тиісті бағанында баға (0-ден 5-ке дейін) қояды.
Егер құрылымдық бөлімшенің, ведомствоның, ведомствоның аумақтық бөлімшесінің «Б» корпусы қызметшілерінің саны елу адамнан асқан жағдайда, бағалауды бағалаушы адам айқындайтын адамдар да жүзеге асыра алады.
функционалдық міндеттерді орындау сапасы;
тапсырмаларды орындау мерзімдерін сақтау;
дербестік және бастамашылық;
еңбек тәртібі.
Құрылымдық бөлімшелердің/ведомствоның аумақтық бөлімшелерінің басшылары үшін 360 әдісі бойынша бағалау осы Әдістеменің 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша, «Б» корпусының қызметшілері үшін осы Әдістеменің 6-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жүргізіледі.
құрылымдық бөлімшелердің/ведомствоның аумақтық бөлімшелерінің басшылары үшін:
қызметті басқару;
тиімді коммуникацияларды құру;
әдеп нормалары мен қағидаларын ұстану;
өзгерістерді басқару;
нәтижеге бағдарлану;
дербестік және шешімдерді қабылдау дағдылары;
топты басқару;
көшбасшылық қасиеттер;
ынтымақтастық;
жеделділік;
өзін-өзі дамыту;
бастамшылдық;
«Б» корпусының қызметшілері үшін:
тиімді коммуникацияларды құру;
әдеп нормалары мен қағидаларын ұстану;
өзгерістерді басқару;
нәтижеге бағдарлану;
дербестік және шешімдерді қабылдау дағдылары;
ынтымақтастық;
жеделділік;
өзін-өзі дамыту.
Қызметшіні 360 әдісімен бағалауда оның өзін-өзі бағалауы көзделген. Бұл ретте қорытынды бағалауда өзін-өзі бағалау есепке алынбайды.
Сауалнама алынатын адамдардың қатарына қосылады:
1) тікелей басшы;
2) бағалаушы адамға тікелей бағынатын «Б» корпусының қызметшісі;
3) лауазымы бойынша бағаланушы адаммен бір деңгейде және олармен өзара тығыз жұмыс істейтін адамдар.
Калибрлеу сессиясының қатысушылары бағалаушы адамның бағасын қолдауы немесе бағалауға түзетулер енгізу үшін дәлелдер келтіруі мүмкін.
Бағалауды түзетулер жоғарылау жағынан да, төмендеу жағынан да енгізілуі мүмкін.
Қорытынды баға калибрлеу сессиясы қатысушыларының басым дауысымен қабылданады және тиісті хаттамамен рәсімделеді. Кадр қызметі хаттамаға қол қойылған күннен бастап үш жұмыс күн ішінде оның ақпараттық жүйеге (техникалық мүмкіндік болған жағдайда) орналастырылуын қамтамасыз етеді.
Кездесу кезінде мынадай мәселелер талқыланады:
бағаланатын кезеңдегі жетістіктеріне шолу;
машықтар мен құзыреттердің дамуына шолу;
қызметкердің әлеуетін шолу және мансаптық мақсатын талқылау.
Бағалаушы адам кездесу кезінде ашық және достық қалыптағы диалогты қамтамасыз етеді.
|
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі «Б» корпусы мемлекеттік
|
|
|
Қызметшінің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда): __________
Қызметшінің лауазымы: ________________________________________
Қызметшінің құрылымдық бөлімшесінің/ведомствосының аумақтық бөлімшеcінің атауы: ________________________________
|
№ р/р |
НМИ атауы |
«А» корпусы қызметішісі келісімінің қай көрсеткішінен немесе мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжатынан түйінделеді |
Өлшем бірлігі |
Жоспарлы мәні |
Қол жеткізу мерзімі |
Түйінді нәтиже* |
||||||
|
1-тоқсан |
2-тоқсан |
3-тоқсан |
4-тоқсан |
1-тоқсан |
2-тоқсан |
3-тоқсан |
4-тоқсан |
|||||
|
Жүктеу |
||||||||||||
Ескертпе: нысаналы мақсатты индикаторға қол жеткізуден күтілетін оң өзгерістер.
|
|
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің |
|
№ р/р |
НМИ атауы |
Өлшем бірлігі |
Жоспарлы мәні |
Нақты мәні |
||||||
|
1-тоқсан |
2-тоқсан |
3-тоқсан |
4-тоқсан |
1-тоқсан |
2-тоқсан |
3-тоқсан |
4-тоқсан |
|||
|
Жүктеу |
||||||||||
Кестенің жалғасы
|
НМИ пайыздық іске асуы |
Бағалау |
||||||
|
1-тоқсан |
2-тоқсан |
3-тоқсан |
4-тоқсан |
1-тоқсан |
2-тоқсан |
3-тоқсан |
4-тоқсан |
|
Жүктеу |
|||||||
Қорытынды бағалау _______________
НМИ санына бөлінген НМИ бойынша бағалау сомасы
Бағалау нәтижесі: ____________ (функционалдық міндеттерін тиімді атқарады, функционалдық міндеттерін тиісті түрде атқарады, функционалдық міндеттерін қанағаттанарлық түрде атқарады, функционалдық міндеттерін қанағаттанарлықсыз түрде атқарады (қанағаттанарлықсыз баға).
Қызметшінің бағалау нәтижесі қорытынды бағаның негізінде қойылады
|
Бағаланатын адам |
Бағалайтын адам Жүктеу |
|
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің
|
|
Нысаналы мақсатты индикаторды пайызбен және саралау параметрлерін іске асыру |
Рұқсат етілген бағалау ауқымы* |
|
100 және одан жоғары |
5 |
|
95-99,99 |
4,75-4,99 |
|
90-94,99 |
4,5-4,74 |
|
85-89,99 |
4,25-4,49 |
|
80-84,99 |
4-4,24 |
|
75-79,99 |
3,75-3,99 |
|
70-74,99 |
3,5-3,74 |
|
65-69,99 |
3,25-3,49 |
|
60-64,99 |
3-3,24 |
|
55-59,99 |
2,75-2,99 |
|
50-54,99 |
2,5-2,74 |
|
45-49,99 |
2,25-2,49 |
|
40-44,49 |
2-2,24 |
|
35-39,99 |
1,75-1,99 |
|
30-34,99 |
1,5-1,74 |
|
25-29,99 |
1,25-1,49 |
|
20-24,99 |
1-1,24 |
|
15-19,99 |
0,75-0,99 |
|
10-14,99 |
0,5-0,74 |
|
5-9,99 |
0,25-0,49 |
|
0-4,99 |
0-0,24 Жүктеу |
Ескертпе: Бағалау нысаналы мақсатты индикаторды іске асыру пайызына байланысты айқындалады. Бұл ретте рұқсат етілген ауқымда бағалаушы адам өз қалауы бойынша баға қояды.
|
|
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің
|
Бағаланатын қызметшінің Т. А.Ә. ____________________________
Бағалайтын қызметшінің (құрылымдық бөлімше/ведомствоның аумақтық бөлімшесі басшысының) Т.А.Ә. __________________________
«Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау (бұдан әрі - бағалау) мақсатында Сізге өз әріптестеріңізді 5 баллдық шкала бойынша саралау әдісімен бағалауды ұсынамыз.
Бағаларды объективті түрде, жеке ұнатуларсыз/ұнатпауларсыз қою керек.
Сауалнаманы басынан аяғына дейін алаңдамай толтыру қажет. Осылайша, Сіз уақытты үнемдей аласыз және нәтижелердің дұрыстылығын арттыра аласыз.
|
Параметрлер |
Критерийлер |
Бағалау (1-ден 5 баллға дейін) |
Негіз деме |
|
1.Функционалдық міндеттерді орындау сапасы* |
Негізделген ескертулер мен шағымдардың болмауы |
||
|
2. Міндеттерді орындау мерзімдерін сақтау |
Құжаттарды, тапсырмаларды орындау мерзімдерінің бұзылмауы |
||
|
3. Дербестік және бастамашылық. |
Қызметшінің функционалдық міндеттерін жоғары деңгейде дербес орындай алуы. Мемлекеттік орган қызметінің саласын жетілдіруге бағытталған ұсыныстар мен пысықталған тәсілдерде бастамашылдық таныту. Мемлекеттік орган міндеттерін орындаудағы белсенділігі мен қатысуы. |
||
|
4. Еңбек тәртібін сақтау |
Дәлелді себептерсіз жұмыстан кешікпеу, уақытынан бұрын жұмыстан кетпеу, тәртіптік жазасының болмауы, қызметтік әдептің бұзылмауы. |
||
|
Орташа қорытынды баға |
Жүктеу |
||
Ескертпе: Орташа қорытынды бағаны есептеу үшін қойылған бағалар сомасын бағаланатын параметрлер санына бөлу керек.
Бағалау нәтижесі: ____________ (функционалдық міндеттерін тиімді атқарады, функционалдық міндеттерін тиісті түрде атқарады, функционалдық міндеттерін қанағаттанарлық түрде атқарады, функционалдық міндеттерін қанағаттанарлықсыз түрде атқарады (қанағаттанарлықсыз баға).
Қызметшінің бағалау нәтижесі орташа қорытынды бағаның негізінде қойылады.
Қойылған бағаға негіздеме ___________________
|
|
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесіне |
«Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау (бұдан әрі – бағалау) мақсатында Сіздерге өз әріптестеріңізді 360 әдісімен бағалауды ұсынамыз.
Ескертпе: 360 әдісі - бағаланатын адамның жұмыс ортасындағы адамдар тобынан сұрау арқылы бағаланатын адамда талап етілетін құзыреттердің болуын анықтауға бағытталған бағалау әдісі.
Бұл әдіс Сіздің әріптесіңізге өзінің күшті және әлсіз жақтарын жақсы түсінуге, одан әрі өсу мен даму әлеуетін көруге көмектеседі.
Жауаптар бағанында жауаптың ұсынылған нұсқаларының бірін көрсету қажет (құзырет көрінбейді; құзырет сирек көрінеді; құзырет жағдайлардың жартысында көрінеді; құзырет көп жағдайда көрінеді; құзырет әрқашан көрінеді).
Бағаларды объективті түрде, жеке ұнатуларсыз/ұнатпауларсыз қою керек. Жасырындылыққа кепілдік беріледі.
Сауалнаманы басынан аяғына дейін алаңдамай толтыру қажет. Осылайша, Сіз уақытты үнемдей аласыз және нәтижелердің дұрыстығын арттыра аласыз.
|
№ р/р |
Құзыреттердің атауы |
Құзыреттер бойынша сұрақтар |
Жауаптар |
|
1 |
Қызметті басқару |
Стратегиялық мақсаттарға сәйкес нақты міндеттер қояды және тапсырмалар береді |
|
|
Бөлімшенің қойылған міндеттерді сапалы және уақтылы орындауына ұжымды бағыттайды және жағдай жасайды |
|||
|
Басымдық бере отырып, бөлімшенің жұмысын тиімді ұйымдастырады |
|||
|
Қызметті басқару бойынша орташа баға |
|||
|
2 |
Тиімді коммуникацияларды құру |
Өз қызметін әріптестерімен үйлестіре алады, коммуникацияларға ашық, іскерлік ынтымақтастыққа дайындық танытады, қажет болған жағдайда әріптестеріне көмектеседі |
|
|
Жанжалдарды ортақ іс үшін пайдамен шеше алады, бұл ретте өз көзқарасын дәлелді жеткізеді және әріптестерінің пікірін ескереді |
|||
|
Мүдделі тараптармен топтың/команданың / тиімді жұмысын құрады |
|||
|
Тиімді коммуникацияларды құру бойынша орташа баға |
|||
|
3 |
Әдеп нормалары мен қағидаларын ұстану |
Әдеп кодексіне сәйкес барлық жағдайларда әдеп мінез-құлық ережелерін қатаң сақтайды |
|
|
Парасаттылық, шынайылық, тілектестік, әріптестері мен мүдделі тараптарға сыйластық қағидаттарын ұстанады |
|||
|
Күйзелістік жағдайда өзін ұстай алады, шешім іздейді және табады |
|||
|
Әдеп нормалары мен қағидаларын ұстану бойынша орташа баға |
|||
|
4 |
Өзгерістерді басқару |
Ұйымдағы өзгерістерге оң көзқараспен қарайды |
|
|
Өзгерген жағдайға сәйкес өз әрекеттерінің тактикасын бейімдейді, сәтсіздіктің себептерін талдайды және тәсілдерді немесе стратегияны өзгертеді |
|||
|
Қызметкерлердің бастамаларын қолдайды және көтермелейді |
|||
|
Өзгерістерді басқару бойынша орташа баға |
|||
|
5 |
Нәтижеге бейімделу |
Күрделі мақсаттар қойып, оларға қол жеткізеді |
|
|
Тапсырмаларды орындау үшін қосымша күш салады |
|||
|
Нәтижеге қол жеткізу үшін жауапкершілікті өзіне алады |
|||
|
Нәтижеге бағдар бойынша орташа баға |
|||
|
6 |
Дербестік және шешім қабылдау дағдылары |
Мүмкіндіктерді, тәуекелдерді талдай алады, сондай-ақ ресурстарды есептей және жоспарлай алады |
|
|
Белгісіздік жағдайында тиімді әрекет ете алады |
|||
|
Ықтимал тәуекелдерді ескере отырып, мәселелерді шешудің бірнеше нұсқасын ұсынады |
|||
|
Дербестік және шешім қабылдау дағдылары бойынша орташа баға |
|||
|
7 |
Команданы басқару |
Ешқашан адамдарға тәуелді емес, әрқашан жеке ұнату немесе ұнатпаудан аулақ бола алады |
|
|
Өзара әрекеттесу және ынталандыру кезінде бағыныштының даралығын анықтай және ескере алады |
|||
|
Команданы шабыттандыра және ынталандыра алады |
|||
|
Команданы басқару бойынша орташа баға |
|||
|
8 |
Көшбасшылық қасиеттер |
Ынта мен талантты, өз-өзіне деген сенімді көрсетеді |
|
|
Харизматикалық тұлға, бағыныштыларды ынталандыру үшін өзінің тұлғалық күшін пайдаланады |
|||
|
Қызметкерлерді ынталандыруға дайын, көтермелеу мен сөгіс арақатынасын сауатты таңдайды |
|||
|
Көшбасшылық қасиеттер бойынша орташа баға |
|||
|
9 |
Ынтымақтастық |
Құзыреті шегінде қызметкерлерді мемлекеттік органдармен және ұйымдармен өзара тиімді іс-қимыл жасауға бағдарлайды |
|
|
Қойылған міндеттерге қол жеткізу үшін әрбір қызметкердің әлеуетін пайдаланады |
|||
|
Мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшелерімен бірлесіп жоспарларды іске асырады және ортақ нәтижелерге қол жеткізеді |
|||
|
Ынтымақтастық бойынша орташа бағалау |
|||
|
10 |
Жеделділік |
Ұжымға жаңа басымдықтарды уақтылы жеткізеді |
|
|
Өзгерістерге уақтылы әрекет ету үшін тиімді шараларды әзірлейді |
|||
|
Бөлімшені тиімді басқарып, ішкі және сыртқы өзгерістер кезінде нәтижеге қол жеткізеді |
|||
|
Жеделділік бойынша орташа баға |
|||
|
11 |
Өзін өзі дамыту |
Перспективті қызметкерлерді анықтайды және оларды жылжыту бойынша ұсыныстар енгізеді |
|
|
Қызметкерлерді дамыту бойынша жүйелі шаралар қабылдайды |
|||
|
Өз мысалында өзін-өзі дамытуға деген ұмтылысты көрсетеді |
|||
|
Өзін-өзі дамыту бойынша орташа баға |
|||
|
12 |
Бастамашылық |
Қызметтің тиімділігін арттыруға бағытталған инновациялық тәсілдер мен шешімдерді енгізу жөніндегі ұсыныстарды қарайды және әзірлейді |
|
|
Қызметтің тиімділігін арттыруға бағытталған инновациялық тәсілдер мен шешімдерді енгізу бойынша ұсыныстарды талдайды және енгізеді |
|||
|
Мемлекеттік органның қызметін жетілдіру үшін жобаларға бастамашылық етеді |
|||
|
Бастамашылық бойынша орташа бағалау |
Жүктеу |
||
Жауаптар бағанында жауаптың ұсынылған нұсқаларының бірі көрсетіледі:
құзырет көрінбейді;
құзырет сирек көрінеді;
құзырет жағдайлардың жартысында көрінеді;
құзырет көп жағдайда көрінеді;
құзырет әрқашан көрінеді.
Орташа баға баллдарды қосу және әр құзырет бойынша респонденттердің жауаптарының санына бөлу арқылы автоматты режимде есептеледі.
|
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесіне |
«Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау (бұдан әрі – бағалау) мақсатында Сіздерге өз әріптестеріңізді 360 әдісімен бағалауды ұсынамыз.
Ескертпе: 360 әдісі - бағаланатын адамның жұмыс ортасындағы адамдар тобынан сұрау арқылы бағаланатын адамда талап етілетін құзыреттердің болуын анықтауға бағытталған бағалау әдісі.
Бұл әдіс Сіздің әріптесіңізге өзінің күшті және әлсіз жақтарын жақсы түсінуге, одан әрі өсу мен даму әлеуетін көруге көмектеседі.
Жауаптар бағанында жауаптың ұсынылған нұсқаларының бірін көрсету қажет (құзырет көрінбейді; құзырет сирек көрінеді; құзырет жағдайлардың жартысында көрінеді; құзырет көп жағдайда көрінеді; құзырет әрқашан көрінеді).
Бағаларды объективті түрде, жеке ұнатуларсыз/ұнатпауларсыз қою керек. Жасырындылыққа кепілдік беріледі.
Сауалнаманы басынан аяғына дейін алаңдамай толтыру қажет. Осылайша, Сіз уақытты үнемдей аласыз және нәтижелердің дұрыстығын арттыра аласыз.
|
№р/р |
Құзыреттердің атауы |
Құзыреттер бойынша сұрақтар |
Жауап тар |
|
1 |
Тиімді коммуникациялар құру |
Өз қызметін әріптестерімен үйлестіре алады, коммуникацияларға ашық, іскерлік ынтымақтастыққа дайындық танытады, қажет болған жағдайда әріптестеріне көмектеседі |
|
|
Жанжалдарды ортақ іс үшін пайдамен шеше алады, бұл ретте өз көзқарасын дәлелді жеткізеді және әріптестерінің пікірін ескереді |
|||
|
Мүдделі тараптармен топтың/команданың / тиімді жұмысын құрады |
|||
|
Тиімді коммуникацияларды құру бойынша орташа баға |
|||
|
2 |
Әдеп нормаларын және қағидаларын ұстану |
Әдеп кодексіне сәйкес барлық жағдайларда әдеп мінез-құлық ережелерін қатаң сақтайды |
|
|
Парасаттылық, шынайылық, тілектестік, әріптестер мен мүдделі тараптарға сыйластық қағидаттарын ұстанады |
|||
|
Күйзелістік жағдайда өзін ұстай алады, шешім іздейді және табады |
|||
|
Әдеп нормаларын және қағидаларын ұстану бойынша орташа баға |
|||
|
3 |
Өзгерістерді басқару |
Ұйымдағы өзгерістерге оң көзқараспен қарайды |
|
|
Өзгерген жағдайға сәйкес өз әрекеттерінің тактикасын бейімдейді, сәтсіздіктің себептерін талдайды және тәсілдерді немесе стратегияны өзгертеді |
|||
|
Қызметкерлердің бастамаларын қолдайды және көтермелейді |
|||
|
Өзгерістерді басқару бойынша орташа баға |
|||
|
4 |
Нәтижеге бейімделу |
Күрделі мақсаттар қойып, оларға қол жеткізеді |
|
|
Тапсырмаларды орындау үшін қосымша күш салады |
|||
|
Нәтижеге қол жеткізу үшін жауапкершілікті өзіне алады |
|||
|
Нәтижеге бейімделу бойынша орташа баға |
|||
|
5 |
Дербестік және шешім қабылдау дағдылары |
Мүмкіндіктерді, тәуекелдерді талдай алады, сондай-ақ ресурстарды есептей және жоспарлай алады |
|
|
Белгісіздік жағдайында тиімді әрекет ете алады |
|||
|
Ықтимал тәуекелдерді ескере отырып, мәселелерді шешудің бірнеше нұсқасын ұсынады |
|||
|
Дербестік және шешім қабылдау дағдылары бойынша орташа баға |
|||
|
6 |
Ынтымақтастық |
Құзыреті шегінде қызметкерлерді мемлекеттік органдармен және ұйымдармен тиімді өзара іс-қимыл жасауға бағдарлайды |
|
|
Қойылған міндеттерге қол жеткізу үшін әрбір қызметкердің әлеуетін пайдаланады |
|||
|
Басқа бөлімшелермен бірлесіп жоспарларды іске асырады және ортақ нәтижелерге қол жеткізеді |
|||
|
Ынтымақтастық бойынша орташа баға |
|||
|
7 |
Жеделділік |
Жұмысты жақсарту бойынша ұсыныстар енгізеді |
|
|
Жаңа тәсілдері және оларды енгізу әдістерін зерделейді |
|||
|
Өзгеретін жағдайларға тез бейімделеді |
|||
|
Жеделділік бойынша орташа баға |
|||
|
8 |
Өзін өзі дамыту |
Жаңа білім мен технологияларға қызығушылық танытады |
|
|
Өзін-өзі дамытуға ұмтылады, жаңа ақпарат пен оны қолдану тәсілдерін іздейді |
|||
|
Тиімділігін арттыруға мүмкіндік беретін жаңа дағдыларды іс жүзінде қолданады |
|||
|
Өзін өзі дамыту бойынша орташа баға |
Жүктеу |
||
Жауаптар бағанында жауаптың ұсынылған нұсқаларының бірі көрсетіледі:
құзырет көрінбейді;
құзырет сирек көрінеді;
құзырет жағдайлардың жартысында көрінеді;
құзырет көп жағдайда көрінеді;
құзырет әрқашан көрінеді.
Орташа баға баллдарды қосу және әр құзырет бойынша респонденттердің жауаптарының санына бөлу арқылы автоматты режимде есептеледі.
|
|
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесіне
|
Құрылымдық бөлімше/ведомствоның аумақтық бөлімшесі басшысының Т. А.Ә. _________________
|
№ |
Құзырет |
Құзыреттер бойынша орташа қорытынды баға |
Паутинка |
|
1 |
Қызметті басқару |
||
|
2 |
Тиімді коммуникацияларды құру |
||
|
3 |
Әдеп нормалары мен қағидаларын ұстану |
||
|
4 |
Өзгерістерді басқару |
||
|
5 |
Нәтижеге бағдарлану |
||
|
6 |
Дербестік және шешімдерді қабылдау дағдылары |
||
|
7 |
Топты басқару |
||
|
8 |
Көшбасшылық қасиеттер |
||
|
9 |
Ынтымақтастық |
||
|
10 |
Жеделділік |
||
|
11 |
Өзін-өзі дамыту |
||
|
12 |
Бастамашылдық |
Жүктеу |
Әрбір құзырет бойынша бағалаудың орташа қорытынды нәтижелерін есептеу автоматты режимде әрбір респонденттің баллдарын қосу және респонденттердің санына бөлу (өзін-өзі бағалаудан басқа) арқылы жүзеге асырылады.
Бағалау нәтижесі: _______________________________
|
|
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесіне
|
Бағаланатын қызметшінің Т. А.Ә.__________________________
|
№ |
Құзырет |
Құзыреттер бойынша орташа қорытынды баға |
Паутинка |
|
1 |
Тиімді коммуникациялар құру |
||
|
2 |
Әдеп нормалары мен қағидаларын ұстану |
||
|
3 |
Өзгерістерді басқару |
||
|
4 |
Нәтижеге бағдарлану |
||
|
5 |
Дербестік және шешім қабылдау дағдылары |
||
|
6 |
Ынтымақтастық |
||
|
7 |
Жеделділік |
||
|
8 |
Өзін-өзі дамыту |
Жүктеу |
Әрбір құзырет бойынша бағалаудың орташа қорытынды нәтижелерін есептеу автоматты режимде әрбір респонденттің баллдарын қосу және респонденттердің санына бөлу (өзін-өзі бағалаудан басқа) арқылы жүзеге асырылады.
Бағалау нәтижесі: ______________________________