Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасының нысаналы индикаторларын есептеу әдістемесін бекіту туралы

«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының
65-бабының 3-тармағына, «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2021 жылғы 25 қазандағы
№ 93 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының ұлттық даму жоспарын, елдің аумақтық даму жоспарын, саланы/аяны дамыту тұжырымдамасын, мемлекеттік органдардың даму жоспарларын, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспарларын әзірлеу, мониторингтеу, іске асыру, бағалау және бақылау әдістемесінің 59-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасының нысаналы индикаторларын есептеу әдістемесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес бекітілсін.
  2. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Стратегия департаменті осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін.
  3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы
    Оқу-ағарту министрлігі аппаратының басшысына жүктелсін.
  4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

 

Министрдің міндетін атқарушы                                                 А. Ілиясов

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы

Ғылым және жоғары білім министрлігі

2023 жылғы «___» ________

______________________

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы

Ұлттық экономика министрлігі

2023 жылғы «___» ________

______________________

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы Стратегиялық

жоспарлау және реформалар агенттігі

2023 жылғы «___» ________

______________________

 

 

 

 

Дата публикации
03 мая 2023