«Кәсіптік-техникалық білім беру сапасы» Дүниежүзілік экономикалық форумның Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексі

ДЭФ Жаһандық бәсекеге қабілеттігінің индексіне сәйкес (2019), Қазақстанның жұмыс берушілері ТжКБ жүйесінің сапасын мүмкін болатын 7 баллдың 3,8 баллымен бағалап отыр. 2018 ж. ДЭФ әлемдік экономикадағы жаңа технологиялар мен инновацияның дамуына байланысты ЖБИ-дің әдіснамасын жаңартты. Осы әдіснамаға сәйкес жаңа көрсеткіштердің бірі сауалнама әдісімен бағаланатын «Кәсіби дайындық сапасы» болып табылады.

2019 ж. Қазақстан осы көрсеткіш бойынша 141 елдің ішінде 90-шы орынды иеленді.

COVID-19 пандемиясына байланысты Дүниежүзілік Экономикалық Форумның Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінің есебі 2020 жылдан бастап шықпады және шығу мерзімі 2023 жылдың қазан айына ауыстырылды.

 

Дата публикации
17 апреля 2023