PISA тестінің нәтижелері бойынша мектептегі білім сапасын бағалау
PISA халықаралық зерттеуі циклмен өтеді: үш жылда бір рет.
Қазақстан 2009 жылдан бері қатысады. Тестте математикалық, оқу және жаратылыстану сауаттылығы бағаланады. PISA-2018-ге 78 ел мен аймақ қатысты.
Тест фактологиялық білімді емес, функционалдық сауаттылықты анықтауға бағытталған. Яғни, алған білімді қолдану, сыни ойлау, ақпаратпен қаныққан уақытта қажетті дағдыны талдау білігі бағаланады.
Қазақстанның орташа балы оқу сауаттылығы бойынша 387 балды құрады, математикалық – 423 балл (ЭЫДҰ – 489) және жаратылыстану – 397 балл.